Қазақстандық педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
13.11.2020
957
0

Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы педагогтарды кәсіби оқыту саласындағы жетістіктері үшін табысталатын беделді UNESCO Hamdan 2019-2020 халықаралық сыйлығының нәтижелерін жариялады.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының  Педагогикалық шеберлік орталығы мұғалімдердің жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін көтерудегі баға жетпес тәжірибелері мен жетістіктері үшін UNESCO сыйлығының үздік 10 финалистері қатарына енді. ПШО үздік академиялық жетістіктері мен мұғалімдердің кәсіби дамуындағы құнды тәжірибе үшін алғыс сертификатына ие болды.

Беделді халықаралық сыйлықтың финалистерін халықаралық қазылар алқасының ұсынымдары мен бағалауы негізінде UNESCO Бас директоры Одрэ Азуле іріктеуден өткізді. Қазылар алқасының құрамына педагогика саласында бірегей білім мен тәжірибеге ие әлемнің түрлі елінің мойындалған сарапшылары енді.

UNESCO Hamdan миссиясы – әлем мұғалімдерінің үздік тәжірибелеріне ықпалдасу. Аталмыш беделді сыйлық 2008 жылы құрылған, әр екі жыл сайын табыс етіледі. 2019-2020 жылдардағы байқауға оқытуды жетілдіру бағытында қызмет ететін  халықаралық және ұлттық 190 ұйым қатысты.

UNESCO Hamdan сыйлығы Педагогикалық шеберлік орталығының  халықаралық жетістіктерінің бүтін бір топтамасын жалғастырды. Қазіргі таңда Орталық жасап шығарған біліктілікті арттырудың 10 білім беру бағдарламасы ACQUIN (Германия) аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету Институтының  халықаралық сертификаттауынан өткен болатын.<3k3v

Қазақстанның үздік білім бағдарламалырының автолары халықаралық деңгейде мойындалуы  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ынтымақтастық аясын кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір