«Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту» жобасы жетілдірілуде
15.01.2024
228
0

Абай атындағы ҚазҰПУ-да 2024 жылдың 8 қаңтарынан бастап еліміздің жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын оқыту мақсатында «Педагогикалық білім беру моделін іске асыру және оның мазмұнын күшейту» тақырыбында Қысқы мектеп өтуде. Қысқы мектеп педагогикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын 42 жоғары оқу орнынан 1800 профессор-оқытушылар құрамын оқытуға бағытталған.
Мақсаты ҚР ҒЖБМ-нің «Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту» жобасы аясында әзірленген жаңа 30 ББ және жетілдірілген ПБ моделін іске асыру, сондай-ақ білім беру бағдарламалары үшін силлабустар жазу бойынша біліммен және дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады. Оқыту университеттің Білім беру бағдарламаларын жобалау департаментінің ұйымдастыруымен жүргізілуде. Тренингке университет бойынша 145 оқытушы қатысуда.
Спикер-тренерлер: Білім беру бағдарламаларын жобалау департаментінің директоры Адиля Байдильдина, Институциональдық тиімділік кеңсесінің жетекшісі Шерипидин Хамраев, Педагогика және психология институтының директоры Ғалия Абаева, информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі Нұржамал Ошанова, оқытушылар: Шолпан Карбаева, Шолпан Нұрман, Зоя Рабилова.


Биыл осы жоба аясында дайындалған білім бағдарламалар бойынша 9 бакалавриат және 2 магистратура білім бағдарламаларына білім алушылар қабылданды. Жаңа оқу жылына тағы 7 білім бағдарлама бойынша қабылдау жоспарланып отыр.
Семинар-тренинг екі аптаға созылады. Екінші аптада семинар-тренингке ҚР ҒЖБМ, Назарбаев Университетінің өкілдері және фин сарапшылары қатысады. Қысқы мектеп барысында заманауи білім беру бағдарламаларын енгізу, сондай-ақ еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындарын дамытудың міндеттері мен даму перспективалары белсенді талқыланатын болады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір