Нидерландыда қазақстандық Педагогикалық шеберлік орталығы WALS эстафетасын ресми түрде қабылдады
30.11.2023
315
0
World Association of Lesson Studies президенті Кэтрин Льюис пен Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанбота Кабдыкаримова WALS 2024 халықаралық конференциясын Қазақстанда өткізу туралы келісімшартқа қол қойды.
Тарихи шешім Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының дәстүрлі форумы тәмамдалған Нидерландының Зволле қаласында қабылданды.  
Алғаш рет WALS-тың негізгі конференциясы посткеңестік кеңістікте өтеді, және Астанада алғаш рет World Association of Lesson Studies штаб-пәтері үш күн бойы жұмыс істейді. Келесі қыркүйекте Қазақстанға заманауи білім берудің стратегиялық басымдықтарының бірі – сабақты зерттеуге маманданған ең табысты мұғалімдер келеді деп жоспарлануда. Қазірдің өзінде WALS-2024 қатысушыларының қатарында Ұлыбритания, Сингапур, Жапония, Финляндия, Малайзия, Австрия, Қытай, Америка Құрама Штаттары, Гонконг, Түркия – барлығы 50-ден астам ел бар.
Келісімшартқа қол қою кезінде Кэтрин Льюис Педагогикалық шеберлік орталығының Lesson Study-ді елдік жоба ретінде ілгерілетудегі жетістіктерін ерекше атап өтті:
– Қазақстандағы «Сабақты зерттеу» шын мәнінде жоғары деңгейде және әрбір мұғалімге дерлік жетті. Біз Педагогикалық шеберлік орталығындағы әріптестеріміздің он жыл ішінде елдегі және әлемдегі нағыз WALS елшілеріне айналғанын мақтан тұтамыз. Бүгінде олар өз отанында мыңдаған мұғалімді, сонымен қатар Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстанның бірнеше аймағының педагогтерін сабақты зерттеу бойынша оқытуда, қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жұмыс істейді. 
Кембридж университеті білім беру факультетінің профессоры Питер Дадли «Lesson Study» қазақстандық моделінің каскадты сипаты мен ауқымдылығын ерекше атап өтті.
Нидерландыдағы конференцияда ең көп абстрактілерді қазақстандық және жапондық делегациялар ұсынды, күншығыс елінде «Lesson Study» тұтас философия саналатынын атап өткен жөн. 
Зволлеге ПШО делегациясы ауқымды бағдарлама дайындады: тақырыптық симпозиумдар, авторлық шеберлік сыныптары, оқу сессиялары, еларалық зерттеулер бойынша баяндамалар, Single talk, Атқару комитеті және Қауымдастықтың сараптамалық кеңесімен келіссөздер, Голландия мектептеріндегі кездесулер және басқа да кейстер.
Отандық білім беруге Lesson Study енгізудің озық тәжірибелерін Эльвира Рахмаил, Қызжібек Абдраманова, Юлия Мельникова, Жания Опанова, Ринат Рамазанов және Айбек Кенжебаев, Ұлжан Темірғалиева, Ерболат Оспанов ұсынды.
Симпозиумның дискусанттары болған Англиядан Джилли Ланг пен сингапурлық Кристин Ли еларалық зерттеулердің маңыздылығын атап өтті:
– Бұндай зерттеу жобалары елдер арасындағы шекараны кеңейтеді және бүкіл әлем мұғалімдерінің кәсіби мүддесі сәйкес келетінін дәлелдейді. 
Австриялық әріптестермен бірлесіп жұмыс істеген Эльвира Рахмаил топтық шығармашылық жұмыс зерттеушілік дағдыларды дамытуға жаңа серпін бергенін айтады және Lesson Study әрбір мұғалім үшін табысты құрал ретіндегі маңыздылығын тағы бір рет растады.
Дүниежүзілік Lesson Studies қауымдастығының жаңа мойындауы –
 отандық білім беруде табысты брендке айналған Педагогикалық шеберлік орталығының әлемдік жетістіктерінің заңды жалғасы. ПШО құрған педагогтардың біліктілігін арттырудың кең ауқымды жүйесі Германиядағы ACQUIN Аккредитациялау, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институтының  шартсыз сертификатын алды және қазіргі уақытта институционалдық аккредиттеу аяқталуда. Орталық әлемнің 200-ден астам білім беру ұйымы үміткер болған беделді UNESCO-Hamdan-2020 сыйлығымен марапатталды. Жетекші мектептерге арналған танымал ПШО жобасы GESS Education Awards-2023 байқауының үздік ондығына енді.
Педагогикалық шеберлік орталығы 2012 жылдан бері отандық білім беру саласына «Сабақты зерттеу» әлемдік трендін енгізуде. 2023 жылдың сәуірінде Астанада «Lesson Study: рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа» бірінші Ұлттық конференциясы өтті.
Мира Алипинова 
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір