АЛМАТЫ ШЕТСІЗ ҚАЛАҒА АЙНАЛУДА
14.09.2020
627
0

Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ««Алматы – шетсіз қала» тұжырымдамасын іске асыру туралы» тақырыбында онлайн баспасөз конференциясы өтті. Брифинг барысында шаһарды көркейту үшін жүргізіліп жатқан шаралар жөнінде сөз қозғалды. Спикер ретінде сөз алған Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика Басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов ақпараттық портал тілшілерінің сұрақтарына жауап беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Алмас Ахмеджанов айтып өткендей, қала әкімшілігі Алматыда карантин кезеңінде құрылысты тоқтатпау туралы шешім қабылдады. Құрылыс алаңдарында, кәсіпорын ұжымдарында жұмысшылар мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің денсаулығын сақтау мақсатында, сақтық шаралары қатаң сақталуда. Қала әкімі Б.Сағынтаевтың тапсырмаларын орындау кезінде Алматыда тұрғын үй құрылысымен қатар, әлеуметтік нысандар жоспарлы түрде салынуда. Алдағы уақытта қалада 9 денсаулық сақтау нысанын салу және жөндеу, Алатау ауданында теннис кортын салу жоспарланған.
Спикер:«Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, қаламыз – еліміздің тұрғындары үшін де, шетелдік туристер үшін де шетсіз қалаға айналуда. Жаңа мектептер бой көтеріп, ескі жолдарды жөндеуден өткізіп, жаңа жолдар салудамыз. Адамдарға жайлы орта қалыптастыру үшін барлық жұмыстар жасалуда. Жеке тұрғын үйін салып жатқан тұрғындарға да көмек көрсетіліп келеді. Жаңа кәсіпкерлік ғимараттың құрылыс жұмыстарын жүргізген кәсіпкерлерге де қол ұшын создық», – дей келе, бас жоспар бойынша әлеуметтік нысандардың негізгі бөлігі қалаға қосылған аумақтарда салынғаны – қаланың шеткі аумақтарының дамуын білдіретінін тілге тиек етті. Бұл жобалар жылдың аяғына дейін толық аяқталып, жаңа нысандар қолданысқа беріледі деп күтілуде.
Сондай-ақ Алмасхан Ахмеджанов қаладағы қоғамдық орындарда, мейрамханалар мен кафелерде бірыңғайландырылған дизайн жүйесі орнауы тиістігін, үстелдер мен орындықтардың арнайы стандартты өлшемдермен орналасуы қажет екенін, осы мақсатта жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
Қала тұрғындарының қоқыс тастайтын орындарға да қоғамдық орын ретінде қарау мәдениетін қалыптастыру кезек күттірмейтін мәселе екенін де ерекше айтып өтті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір