ҚХА ҒЫЛЫМИ-САРАПШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
12.06.2020
562
0

Күні кеше ҚХА-ның ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысында мемлекеттік саясат модернизациясының басымдықтары талқыланды.

Онлайн форматта өткен жиынға ҚХА Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаев, ҚР Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.Божко, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Т.Қалиев, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры З.Шаукенова, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрайымы А.Сәдуақасова, қазақстандық сарапшылар мен ғалымдар, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің және ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Отырыс барысында қатысушылар «Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі: Қазақстан халқы Ассамблеясына – 25 жыл», «Этносаралық саладағы мемлекеттік саясат модернизациясының басымдықтары аясындағы ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің міндеттері», «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының перспективті міндеттері» және т.б. тақырыптарды талқылады. Басқа аймақтардың қатысушылары онлайн жүйеде ZOOM конференц-платформасы арқылы қатысты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір