«МЕН СЕНІ СҮЙЕМ, НҰР-СҰЛТАН!»
07.07.2020
677
0

Елорда күніне орай Алматы қаласында #ILOVENURSULTAN хэштегімен фото-және бейнематериалдар бойынша онлайн-байқау өтті.    

Алматы қаласы оқушыларының арасында өткен байқауда оқушылар өздерінің әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында елорданың әсем ғимараттарының жанында түскен суреттерімен бөлісіп, астананы өлең шумақтарымен, ізгі тілектерімен құттықтап, ән жолдады.

Сонымен бірге, байқауға туған күндері атаулы мерекемен тұспа-тұс келген өрендер де белсене қатысты. Олар бұл мереке өздері үшін ерекше мәнге ие екенін қуана жеткізді.

Ашық электронды дауыс беру арқылы анықталған байқау жеңімпаздарын ұйымдастырушылар құнды сыйлықтармен марапаттады. Байқау қорытындысы жайлы ақпаратты мына сілтеме арқылы өтіп алуға болады: https://pollie.app/polls/ilovecitynursultan-641a706e-a700-4a90-ae57-fe0606330601/votes/new.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір