«ТУҒАН КҮНІҢМЕН, НҰР-СҰЛТАН!»
07.07.2020
775
0

Биыл Арқа төсіндегі келбеті көз сүйсіндірген ел астанасы – Нұр-Сұлтан қаласына, ұлтымыздың ұлы тұғырына айналған, Алаш жұртының асқақ айбары болған әсем шаһарға – 22 жыл.

   Осыған орай Астана күнінде туған Алматы жастары барша қазақстандықтарды әлеуметтік желілерде құттықтап, жылы лебіздерімен бөлісті. Елорданың құрдастары өз жарияланымдарында республиканың қалыптасуы мен даму тарихы, күн санап көркейіп келе жатқан жаңа Нұр-Сұлтан қаласының салынуы – еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екенін атап өтті. Олардың бәрі де «Тәуелсіздігіміздің тірегі – астанамыз әрдайым асқақтай берсін! Жаңа астанамыздың негізі қаланғалы 22 жыл ішінде Нұр-Сұлтан қаласы ерекше қарқынмен даму үстінде. Қала күнінде сіздерге және отбасыларыңызға шын жүректен зор денсаулық, игілік, шаңырақтарыңызға қуаныш, құт-береке тілеймін» деген сынды ақ тілектерін жолдады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір