АЛМАТЫ ТУРИЗМІНІҢ ТЫНЫСЫН АШУЫМЫЗ ҚАЖЕТ
25.06.2020
880
0

Күн санап көркейіп келе жатқан Алматының әсем табиғаты кез келген елден келген туристерді өзіне баурап алары анық. Ол үшін Алматы туризмінің тынысын ашып, арнасын кеңейтуіміз қажет. 

АЛМАТЫ ТУРИЗМІН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫСТАР

Біріншіден, не себепті туризм саласын Алматыда дамыту қажет?

Әлемдік экономиканы дамытудың заманауи талаптарына сай туризм бүгінде басты және маңызды салалардың біріне айналды. Туризм шетелдік валютаның және қаржы қорына салық төлемдерінің түсуі, жұмыс орындарының көбеюі есебінен экономиканың маңызды салаларының (көлік, байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көпшілік тұтынатын тауарларды өндіру) дамуына үлес қоса алады. Жалпы, туризм экономиканың 30-дан астам саласының дамуына ықпал ете алады.

  Осы орайдаАлматы Қазақстан туризмінің дамуында маңызды орынға ие. 2019 жылы еліміздің ең ірі шаһары «Economist Intelligence Unit» рейтингі бойынша өмір сүру үшін ең ыңғайлы (қалтаға салмақ салмайды, қымбат емес) қалалар тізімінде 4-орыннан көрінді.

Әйтсе де, коронавирус пандемиясы салдарынан туризм экономиканың ең зардап шеккен салаларының қатарынан көрініп отыр. Бұғанәлем бойынша COVID-19-бен күресу мақсатында қабылданған шектеулер де кері әсер етпей қоймады.

  Екіншіден, Алматы қаласының әкімдігі айтылған мәселелерге сәйкес қандай шараларды жүзеге асыруда? Алдағы уақытқа қандай жоспарлар жасалған? Қандай болжамдар бар?

   2019 жылдың қорытындысы бойынша біздің қаламызға 1,3 млн.-нан астам турист келіпті. Бұл 2018 жылға қарағанда 23%-ға көп. Олардың 435,6мыңы – шетелдіктер. Бүгінде шетелдік туристердің 44%-ы Алматыға келеді екен. Бұл – елімізге келетін әрбір шетелдік туристің екіншісі Алматыны таңдайды деген сөз.

  Ал 2020 жылдың алғашқы бөлігінде қаламызда туристерге арналған орналасу орындарының көлемі16%-ға ұлғайды және бұл жалпы есеппен – 346 орналасу орны. Оның ішінде: 5* (бес жұлдызды) – 6 (үлесі– 2%), 4*– 16 (үлесі – 5%), 3* – 7 (үлесі – 2%),категориясы жоқтары (сертификаты жоқ қонақүйлер – 221 (үлесі – 63%), қалғандары (шале, хостель, пансионат, лагерьлер) –96 (үлесі – 28%). Мысалға алсақ, 2019 жылдың қазан айында «Hilton» қонақүйі ашылды. Нәтижесінде 96 адам жұмыспен қамтылды. Енді 2020-2021 жылдары «Holiday Inn Express» және «Ramada Encore by Wyndham» атты екі қонақүйді іске қосу жоспарланып отыр. Бұлар 100 адамды жұмыспен қамтитын болады.

Сонымен қатар, туризм саласын дамыту және Алматы қаласына туристерді тарту мақсатында қалалық әкімдік: экологиялық, тау, мәдени-танымдық, әлеуметтік, балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Жалпы, Алматы қаласындағы туризмге қатысты негізгі жұмыс туристік инфрақұрылым және маркетингті алға жылжыту бойынша жүргізіліп отыр.

ТУРИСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

   2019 жылы туристерді ақпараттармен қамтамасыз ету ісін ілгерілету мақсатында қаламызда 2 визит-орталық ашылды. Бүгінде туристерге ақпараттар беретін 8 орталық жұмыс істейді. Өткен жылы 32,9 мыңнан астам туриске кеңес берілді.

 Туристерді қаламызға тарту үшін барлық жағдайды жасау мақсатында осы жылы санитарлық-гигиеналық бөлімдері бар 5 туристерге ақпарат беру орталығын ашу жоспарға енгізілді. Сондай-ақ, туристердің қызығушылығын оятатын жерлерге де 20 санитарлық-гигиеналық бөлімдер орнатылатын болады.  

  Одан әрі де, 2025 жылға дейін жыл сайын сұранысқа ие туристік орындарға қосымша 80 санитарлық-гигиеналық бөлімдер орналастыру жоспарланған.

Сондай-ақ, қаламызға келген туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты туристік полиция құрылды. Бүгінде 4 туристік полиция модулі жұмыс істейді.

   Алматы қаласында тау туризмін дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Атап айтсақ, Алматы облысы әкімдігі және «Қазақтуризм» «НК» Акционерлік қоғамы бірлесе отырып Алматы тау кластерін дамыту бойынша біріккен жобалау офисін құрды. «ЦСКА» тау шаңғысы базасын кеңейтуге байланысты міндеттер нақтыланды.

  Бұдан бөлек, таулы аймақтарда туристік бағдарлау ісі бойынша 158 шақырымдық 10 тау соқпағын жақсарту жұмыстары аяқталды. Енді 2020 жылға 200 шақырымнан астам тау соқпағын жақсарту жоспарланған. Сондай-ақ, жеке инвесторлардың есебінен 137,5 шақырымға созылатын тау жолын жақсарту жоспарда бар. Айта кетер тағы бір жайт, жеке инвесторлардың көмегімен «Өтпелі» тау шатқалындағы туристік соқпақты және «Алма-Арасан» шипажайы маңындағы жерасты ыстық суының сапасын жақсарту жұмыстары жүргізілді. Ал туристік нысандарды көлікпен қамтамасыз ету мақсатында туристік хабтан тау шипажайларына дейінгі аралықта жолдар жүргізілді. Бүгінде оны 20 мыңнан астам адам пайдаланып үлгерді.

МАРКЕТИНГТІ ДАМЫТУ

2019 жылы 40 шетелдік туроператор үшін 2 ақпараттық тур және 40 шетелдік БАҚ өкілдері үшін 2 баспасөз туры ұйымдастырылды. Сондай-ақ, туризм бойынша 9 халықаралық көрмеге және 300 мыңнан астам қатысушыны қамтитын 3 конференцияға қатысуға шақырту алынды. Осы жылы Лондон, Мумбаи қалаларында өтетін 2 халықаралық көрмеге және Маскаттағы (Оман) конференцияға қатысуға шақырту келді.

«TripAdvisor»және«Profi.Travel» сынды әлемдік платформалармен серіктестік нақтыланды.

Домодедова әуежайы – Мәскеу бағыты бойынша Аэроэкспресс компаниясының сыртқы аймағын брендке айналдыру мақсатын қамти отырып «Алматының қысқы ертегісі» деген атаумен шамамен 3,6 млн. адамды қамтитын жарнамалық кампания өткізілді.

  Бұдан бөлек, Қазақстанда тұңғыш рет «Red Bull»-мен вингсьюттарды (арнайы қанат-киім) киіп ұшу ұйымдастырылды. Аталған іс-шара аясында «Алматыға сапар» брендтік атауымен бүкіл әлем бойынша 11 млн.-нан астам адамды және 11 веложарысты қамтыған Алматы қаласы туралы жарнамалық ролик түсірілді.

 Ал туризм аймағында көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында өткен жылы тұңғыш рет «Recommended by Visit Almaty» туристік секторы бойынша қызмет сапасын бағалау жұмысы жүргізілді. Оған қатысқан 75 үміткердің 35-і «Recommended by Visit Almaty» дәрежесін иеленуге үміткер ретінде айқындалы. Елімізде коронавируске байланысты енгізілген шектеулердің бірте-бірте алынып жатқандығын ескеріп, қазақстандық қонақүйлер мен мейрамханалар

ассоциациясымен біріге отырып туристік нысандарға локальды мониторинг жүргізілуде.

  Туристік нысандардың туристерді қабылдауға дайындығын бағалау жұмыстары пандемия талаптарына сәйкес «Тексерілген! Таза және қауіпсіз!» белгілерін орнату арқылы санитарлық-дезинфекциялық шараларды сақтауға арналған объективті шаралар және талаптар аясында жүргізіледі. Бүгінде 9 қонақүйге мониторинг жүргізілді. Сондай-ақ, аудиторлық компаниялар тарапынан 4 қонақүй тексеруден өтті.

Сонымен қатар, туризм саласы бойынша кадрлардың біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. 2019 жылы тамыз айында туризм саласында жұмысістейтін кадрлардың біліктілігін арттыру мақсатында Алматы қаласы әуежайының 100 қызметкері үшін тренингтер және тау шаңғысымен, сноубордпен сырғанау бойынша 40 инструкторды дайындау семинары өткізілді. Осы жылы тағы 10 инструкторды дайындау жоспарда бар.

  Студенттерді туризм саласына тарту мақсатында «Туризм» факультеттерінің 300 студентіне туризмді дамыту тақырыбында дәрістер оқылды.

  Ал гидтер мен экскурсоводтардың біліктілігін арттыру мақсатында 2019 жылы тамыз айында Алматы қаласының 100 гиді мен экскурсоводын үйретуге арналған семинар-тренинг өткізілді.

БОЛАШАҚҚА ЖОСПАРЛАР

Шетелдік туристердің Алматы қаласына халықаралық туристік аймақ ретінде қызығушылықтарын арттыру мақсатында бірінші кезекте туристік нысандардың қолжетімділігі мәселесі шешілетін болады. Осыған сәйкес қалада және оған жақын маңдарда сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін туристік соқпақтар іске қосылмақ.

 Дайындаған Әсем ДИДАР

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір