Қанжығаң майлансын, қаламгер!
23.06.2020
1625
0

«Егемен Қазақстан» газетінің өткен  24 сәуірдегі санында жазушы Жүсіпбек Қорғасбектің «Мәртебелі сыйлық һәм киіз ұлтарақ» атты мақаласы жарық көрген еді. Назарларыңызға сол дүниеден шағын үзінді ұсынайық: «Шындығында, біреу мемлекеттік сыйлықты қайтсем де аламын деп шала шабылса, онда тұрған ештеңе жоқ. Тағы біреу бұл сыйлықты ала алмадым деп, еңірегенде етегі жасқа толып тентіреп кетсе, ол да сөкет емес. Кім де болса өзінің талай жылғы азапты еңбегінің жемісін көргісі келеді. Ондай мысалды кешегі күннен де, бүгінгі күннен де қиналмай табуға болады. Небір қас таланттардың осы бір сыйлық үшін қалай қор боп кеткені әдебиет шежіресінен де белгілі. Соның бірін Қадыр Мырза Әли өзінің атышулы «Иірім» атты кітабында:

«Қазақстан Жазушылар одағында екі жылда бір рет Мемлекеттік сыйлыққа ұсыну науқаны жүріп өтеді. Сондай айтыс-тартыстың бірінде Бекеңнің «Өлгендер қайтып келмейді» атты романы жүйріктер жарысына қосылып-ақ кетті, деп еске ала жазыпты. Алғашқы айналымда ең көп дауыс алған да сол шығарма болды. Ағамыздың көңіліндегі өшіп бара жатқан үміт оты қайта тұтанып, қайраты қайта оянғандай болды. Бірақ екінші және соңғы айналымдарда әділқазылар алқасы ойда жоқ та оқыс пікірлерін өзгертіп, бәйге Бекеңе бұйырмай, Бауыржан ағамызға бұйырды. Бір себептен бұл да дұрыс еді. Ал ең дұрысы – екеуіне де беру керек еді. Бірақ біздің ағайындарға ондай ақыл біте қоймаған, қайтесің енді! Сол-ақ екен Бекең (Бердібек Соқпақбаев) шөгіп кетті».

Мақаланы толық оқып отырып, дүбірі алысқа кеткен Мемлекеттік сыйлықтың бұған дейінгі берілу тәртібіне қарнымыз ашты. Әсіресе комиссия құрамында мемлекеттік тілді білмейтін жандардың отырғаны, небір айтулы қаламгерлердің о баста көп дауыспен алға шыққанымен, соңында сыйлықтың көлденең біреулердің қанжығасында кеткені, кететіні қынжылтты. Биыл да сыйлықтың берілетін уақыты таяп келеді. Тек, «таразылау әділ өте ме, сыйлық лайықты шығармаға беріле ме, жоқ па?»  деген үміт пен күдік көңілде алмасып тұр! Дегенмен, шын талант елеусіз қалмаса, қанжығасы майланса деген тілек бар! Сонымен, биылғы Абай атындағы ҚР әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығын алуға талап білдірген қаламгерлер мен шығармаларының тізімімен таныс болыңыздар:

       1. Асқар Алтай, «Туажат» роман және хикаят;

  1. Баянғали Әлімжанов, «Сказ столетнего Степняка» романы;
  2. Бибігүл Имангазина, «Тауқымет» романы;
  3. Байбота Қошым-Ноғай, «Достық жоралғы» балаларға арналған аударма өлеңдер, тақпақтар, санамақтар, жұмбақтар, ертегілер жинағы;
  4. Бақытжан Қанапиянов, «Достояние души» («Жан-дүние игілігі») өлеңдер жинағы;
  5. Ғарифолла Есім, «Ғұлама-наме» трилогиясы;
  6. Жолтай Әлмашұлы, «Ащы да тәтті өмір» романдар жинағы;
  7. Жүрсін Ерман, «Ұларың қайда, Ұлытау?» өлеңдер жинағы;
  8. Исраил Сапарбай, «Ойтұмар» афоризмдер жинағы;
  9. Қуаныш Жиенбай, «Жер үстінде де жұмақ бар» роман, әңгімелер жинағы;
  10. Қайыржан Төрежанов, «Сыртқы барлау» тарихи әдебиет;
  11. Қазыбек Иса, «Сырымды айттым далаға» жыр жинағы;
  12. Марал Ысқақбай, «Тұлғалар туралы толғаныс» сыни мақалалар, әдеби толғамдар.
  13. Мырзатай Жолдасбеков, «Ұлы Дала әдебиеті» жинағы;
  14. Несіпбек Дәутайұлы, «Кісі иесі» повестер мен әңгімелер жинағы;
  15. Оразалы Сәбден, «Абай, Қазақстанның болашағы және әлемдік цивилизация» ой-толғамдар жинағы;
  16. Роза Мұқанова, «Сарра» драматургиялық шығармалар жинағы;
  17. Софы Сматаев, «Өлеңім-өзегім, Мәңгі жырым – өз елім» өлеңдер жинағы;
  18. Серік Ақсұңқар, «Көкейімде — Күлтегіннің жазуы» өлеңдер жинағы;
  19. Сауытбек Абдрахманов, «Абыз Әбіш» толғаныстар;
  20. Тынымбай Нұрмағанбетұлы, «Періштелердің өлімі» роман, әңгімелер жинағы;
  21. Уәлихан Қалижан, «Қасиет пен қасірет» деректі тарихи романы;
  22. Ханбибі Есенқарақызы, «Мен-дағы табиғаттың бөпесімін» өлеңдер жинағы;
  23. Шөмішбай Сариев, «Сәлем, саған туған ел» өлеңдер жинағы;

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір