Жамбыл облыстық ҚХА мақтаралдықтарға 10 млн теңгенің көмегін көрсетті
26.05.2020
593
0

1 мамырда Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылу себебінен еліміздегі Түркістан облысы Мақтарал ауданына қарасты бірнеше елдімекенге су жайылып, тұрғындар зардап шеккені белгілі. Осы төтенше жағдай жалғыз Мақтарал тұрғындарына ғана емес, бүкіл қазақстандықтарға үлкен соққы болды.

Бұл сәтте республикадағы барлық облыстардың азаматтары бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, көмектерін аямауда. Өңірлердің басым көпшілігі азық-түлік ретінде гуманитарлық және құрылысқа қажетті заттармен көмектерін көрсетсе, кейбір азаматтар қаржылай жәрдем беруде. Қол ұшын созғандардың ішінде кәсіпкерлер мен меценаттар, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар және басқа да ірі кәсіпорын жетекшілері бар.

Аталған игі шарадан Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы да шет қалған жоқ. Аймақтағы орыс, түрік, күрді, шешен, әзірбайжан, неміс, өзбек, тәжік және басқа да этномәдени бірлестіктердің қолдауымен Мақтарал ауданына 10 млн теңгенің 32 тоннадан астам азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар тиелген жүк көлігі жөнелтілді. Аталған көмек керуенін аттандыруға Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастары қозғалысының мүшелері орасан жұмыс атқарды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір