Жәлел ҚУАНДЫҚҰЛЫ, ақын: ӘМІР ТЕМІРГЕ ДЕ ӨКПЕМ БАР…
15.05.2020
1785
11

– ​ Адамның басты​ қасиеті не деп​ ойлайсыз?
– Адамгершілік.

–​ Ер-азаматтың​ басты​ қасиеті ше?
– Сөзі мен ісінің сәйкестігі.

–​ Бақыт деген ұғымды​ қалай​ түсінесіз?
–  Балаларымның алаңсыз ұйықтап жатқан сәті.

–​ ​ Сүйікті​ әдеби​ кейіпкеріңіз кім?
– Кейінгісі – Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Анасын сағынған бала» әңгімесіндегі – бала Сержан. Тағы бір есімнен кетпей жүргені – Егор деген кейіпкер. Шығарманың атауы мен авторын таппай жүрмін. Соғыста шөлдеген майдандастарына су іздеп жүріп, фашистерге жолығады. Достары түгел оққа ұшып, бар пәрменімен бір шелек суды командиріне төбеден асыра ұстатқанда оқ тиіп қаза табады.

–​ ​ Ең​ басты​ кемшілігіңіз​ қандай?
– Кез-келген адамды дос көріп, ішімдегіні ақтарып тастап, кейін опық жеп жүремін. Және біреуге жақсылық қылсам, соңында өзім кінәлі болып қалатын кездер бар.

–​ ​ Бос​ уақытыңызда​ немен​ айналысасыз?
– Кітап оқимын немесе ой салатын фильм тамашалаймын. Алтын уақытымды тиімді пайдаланып, жаман әдеттермен күресемін. Табыс тауып, ешкімге жалтақтамай, шығармашылықпен айналысуға күш саламын.

–​ Өмірге​ екінші​ рет​ келсеңіз,​ кім​ болуды​ қалар​ едіңіз?
– Осы жолды таңдар едім. Бірақ екінші өмірімде бұдан да көп еңбектенерім сөзсіз…

–​ Қандай​ елде​ өмір​ сүргіңіз​ келеді?
–  Кітап оқитын, мейірім мен қанағаты мол Қазақ елінде.

– Қандай​ ерекше​ қабілетке​ ие​ болғыңыз​ келеді?
–  Полиглот болсам, Гете, Лорка сияқты әлем классиктерін өз тілінде оқысам. Және «Люси» фильміндегідей ғайыптан тайып ми клеткаларымның 26 пайызы  жұмыс істеп кетсе, бар мүмкіндігімді адамзат игілігіне жұмсар едім.

​–​ Қандай​ сәттерде​ осалдық​ танытасыз?
 – Жан-дүнием күтпеген жерден әсерленіп, толқып, өлең туатын таптырмас сәтті ұстап қала алмаймын, кейде…

–​ «Ғайыпқа​ сену» дегенді​ қалай​ түсінесіз?
–  Сенемін. Үнемі жақсы ойлауға және жақсылық жасауға тырысамын. Жер дөңгелек, бәрі айналып келіп отырады. Сонымен қатар  адам мүмкіндігінің шексіз екендігі туралы ой көп мазалайды…

–​ Егер​ өнертапқыш​ болсаңыз,​ не нәрсені​ ойлап​ табар​ едіңіз?​
– Болашақты болжайтын құрылғы ойлап тауып, адамзатты келе жатқан қауіптен алдын ала сақтандырып отырар едім.

– Не​ нәрседен​ жиіркенесіз?
–  Екіжүзділік пен көре алмаушылықтан, мансапқұмарлықтан, басынғысы кеп тұратындардың пасық ойынан.

–​ Сіз​ үшін​ ең​ ұнамсыз​ тарихи​ тұлға​ кім?
–  Голощекин, егер, «тарихи тұлға» деуге жараса. Әмір Темірге де өкпем бар. Алтын Орда мен Осман империясына тиіспей, қысық көз көршілерді жаулағанда, бәрі басқаша болуы мүмкін еді…

​– Жиі​ айтатын​ қанатты​ сөзіңіз? ​
–  «…Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен қайратың екі жақтап».

– Көзіңізге​ жиі​ жас​ аласыз​ ба?
– Толқып кетсем, кез-келген сәтте жылай саламын. Әсіресе, әсерлі кино көріп отырғанда.

–​ Үнемі​ есіңізде​ жүретін​ Абайдың​ ​ бір​ сөзі?
– «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға».

–​ Қазіргі​ адамдардың​ бойынан қандай​ қасиеттер​ жоғалып​ барады? ​
– Кең пейіл, қанағат пен мейірім және ғылым-білімге деген құштарлық.

– Біздің​ заманымыздың​ мықты​ ақыны​ кім? ​Мықты жазушысы​ ше?
– Қазақта мықты ақын да, жазушы да көп. Салыстыру дұрыс емес, әрқайсысының өз биігі бар. Әлі де мықтылар туары сөзсіз. Жаныма жақыны – Есенғали Раушанов пен Тынымбай Нұрмағамбетов.

–​ Жас қаламгерлердің бойынан қандай артықшылықтар мен кемшіліктерді көріп жүрсіз?
Артықшылығы – бізден жастығы, яғни көп мүмкіндігі бар. Кемшілігі – кейбірі пиарға құмар, сөз киесі мен жазудың жауапкершілігін жете түсінбейді. Танылуға асығып, талмай ізденуді ұмытып кетіп жатады.

ПІКІРЛЕР11
Аноним 20.05.2020 | 13:45

Орынды айтылган 👍

Аноним 20.05.2020 | 14:07

Жақсы Жәке!

Аноним 20.05.2020 | 14:19

Жәлелдің қаламы ұштасып, биіктерден көрініп,бүкіл қазаққа таныла берсін!!!

Аноним 20.05.2020 | 15:07

Сұхбатта шынайылық аз сияқты.

Аноним 20.05.2020 | 15:57

Шабытын шарыктаи берсин бауырым.

Аноним 20.05.2020 | 17:57

Керемет 👌

Аноним 20.05.2020 | 18:17

Оте жаксы

Аноним 20.05.2020 | 18:39

Жарайсын Жаке! Жылай алатының жақсы екен

Аноним 20.05.2020 | 21:48

Тамаша сұхбат !Жазарыңыз көп болсын,осы бағыттан таймаңыз .

Аноним 20.05.2020 | 22:41

Керемет жарайсын Жалел

Аноним 21.05.2020 | 01:06

Тек алға саттилик тилеймиз

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір