«Күй тыңдайық»: Жанар Жүсіпованың орындауында Қорқыттың күйі «Байлаулы киіктің зары»
25.04.2020
1994
1

«Қазақ әдебиеті» газетінің «Күй тыңдайық» жобасын қобызшы, республикалық және халықаралық конкурс-фестивальдердің лауреаты Ақнар Шәріпбаевадан қабыл алған қобызшы, «Құрмет» орденінің иегері Жанар Жүсіповаға «Қорқыттың күйі «Байлаулы киіктің зарын» орындады. Күй сәлемді ары қарай қобызшы, мәдениет саласының үздігі Айман Қазыбаева жалғастырады.

Жүсіпова  Жанар Бекетқызы 1973 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.  1982 – 1991 жж. Алматы қаласындағы А.Қ. Жұбанов атындағы Республикалық  музыкалық мектепте «қыл қобыз» мамандығы бойынша Ә.Жумабеков классында оқыды.  1991-1996 жж. Осы ұстаздан Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік консерваториясында оқыды. Бірнеше күйлер мен оркестрге арнап жазылған шығармалардың авторы. ‘Құрмет орденінің’ иегері.

Оқумен қатар Құрманғазы атындағы Академиялық қазақ ұлт аспаптар оркестрінде, Алматы облыстық Сүйінбай атыдағы филармониясындағы «Адырна» фольклорлык-этнографиялық ансамбльде жеке орындаушы және оркестр әртісі болып еңбек етті. 1997ж. Астана қаласына көшіп, осы қаланың филармониясында құрылған қазақ ұлттық аспаптар оркестрінде күні бүгінге дейін жеке орындаушы және қыл қобыз тобының концертмейстері болып жұмыс істеп келеді. Еуразия университетінде мұғалім болып жұмыс істеді (Астанада ең алғаш «қыл қобыз» мамандығы бойынша класс ашқан ), А.Сағатовтың жетекшілігімен «Шалқыма» ансамблінде жұмыс істеді. Астанада 3 жеке концерттері өтті.

Бірнеше Республикалық және Халықаралық байқаулардың лауреаты. Париж, Лондон, Анкара, Ресей қалаларында т.б. жерлерге гастрольдік сапарлармен барған. Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатын алған. Жанар Жүсіпова қаланың мәдени өміріне белсенді қатысуда. Бүгінгі таңда  «Жез киік», «Саржайлау» атты  дискілері және «Қоңыр саз», «Этюдтер» жинағы, «Тәуелсіздік сарыны», ‘ Қобызға арналған пьесалар’ деген оқу құралдары жарық көрді. «Даналық әліппесі» деген интерактивті жобаға катысқан. 

ПІКІРЛЕР1
Аноним 13.03.2021 | 11:43

Керемет!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір