«Күй тыңдайық»: Жанғали Жүзбайдың орындауында Қыздарбектің «Сылқым қызы»
08.04.2020
1718
0

«Қазақ әдебиеті» газеті «Күй тыңдайық» жобасын бастаған Қайрат Айтбаев Тәттімбеттің «Секіртпесін» орындап, эстафетаны Жанғали Жүзбайға жолдаған еді. Күйші Қыздарбек Төребайұлының «Сылқым қызын» шертіп, күй сәлемді өзінің шәкірті Ардаби Мәулетке жолдап отыр.

Жанғали Жүзбай – халықтық күй өнері, оның ішінде дәстүрлі шертпе күй мектептеріне қатысты бірсыпыра педагогикалық және хрестоматиялық жинақтар жазған, әдістемелік мақсатта жазылған зерттеу мақалалары жарық көрген. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық университетінің профессоры. Арқа, Қаратау күйлерін насихаттаушы, «Мәңгілік сарын», «Қазақтың 1000 күйі» атты аудио-антологияларға жазылған. 
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры.
«Сылқым қызды» мына сілтемеден тыңдай аласыздар.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір