«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕРІ ТУРАЛЫ» КЕҢЕС ӨТТІ
18.02.2020
595
0

14 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев ҚХА алдындағы маңызды тапсырмалар бойынша селекторлық режимде жиналыс өткізді.

Жиналысқа әлеуметтік салаға жетекшілік ететін өңірлік әкімдердің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту департаментінің директоры, сон­дай-ақ облыстар мен   Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қа­лалары ҚХА Хатшылықтарының меңгерушілері қатысты.

Жиын барысында Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою және болашақта мұндай кикілжіңдерді болдырмау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы мен жергілікті атқарушы органдардың атқаратын басты міндеттері жайлы айтылды.

Мемлекет басшысының Үкіметке халықты сабырға ша­қырып, екі жақпен келісім орнату және татуласу жұ­мыстарының Қазақстан халқы Ассамблеясымен, ақсақалдармен бірлесе орындалуы тиіс екенін тұжы­рымдағн тапсырмасы атап өтілді.

Аталған тапсырманы орындау мақсатында құрамында ҚХА мүшелері – Ассамблея Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ш.Хахазов, «Қазақстандағы дүнгендер қауымдастығы» ҚБ төрағасы А.Войнце қатарлылар Жамбыл облысы Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы жұмыс жасауда.

Үкімет комиссиясының жұмысы аясында Масаншы, Ауқатты, Сортөбе, Бұлар батыр, Бәйтерек, Қарасу, Қа­ра­кемер ауылдарының тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылды.

9 ақпаннан бастап оқиға салдарынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында этномәдени бірлестіктердің «Жақыныңмен бірге бол!» республикалық қайырымдылық акциясы өтуде. Ал 10 ақпанда құрылған Масаншы, Ауқатты, Сортөбе, Бұлар батыр, Бәйтерек, Қа­расу, Қаракемер ауылдарындағы қазақтар мен дүнгендердің қатысуымен қоғамдық келісім кеңесі өз жұмысын бастап кетті.

Алдағы күндерде осы үрдіс бойынша еліміздегі бар­лық достық үйлерінде этномәдени бірлестіктердің белсен­ділерімен кездесулер ұйымдастырылып, береке-бірлікті сақтауға баса назар аударылады. 

Сонымен бірге Қордайдағы жағдайды тереңінен зерделеу мақсатында Қордай ауданына ҚХА ғылыми-сарапшылық топтары жіберілді.

ҚХА Төрағасының орынбасары Ақпарат және қоғам­дық даму министрлігі мен өңірлердегі ҚХА хатшы­лық­тарына Жамбыл облысы Қордай ауданындағы кешенді жұмысты жалғастыру керектігін, әкімдіктерге қоғамдық келісімді нығайту жұмыстарын күшейту керектігін, сондай-ақ ол профильді барлық министрліктер мен ведомстволар тарапынан да этносаралық қатынастар саласындағы жұмыстардың қажеттілігі және өкілетті ме­м­лекеттік орган тарапынан олардың жұмыстарын үйлес­тірудің маңыздылығы жайлы, этностар шоғырланған шағын жерлерде құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметкерлер үшін оқыту семинарларын ұйымдастыруға баса назар аударылатынын да айтып өтті.

Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылдағы жұмысының жоспары қарастырылды. Жансейіт Түймебаев алдағы уақытта ұйымдастырылатын іс-шараларды салтанатты түрде өткізуден бас тартып, нақты халықпен жұмыс істеуге шақырды. 

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір