«Таң-Шолпан» көрмесі шақырады
17.02.2020
996
0

2020 жылдың 20 ақпан күні сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде «Таң-шолпан» Халықаралық тәуелсіз әйел суретшілері қоры көрмесінің  ашылу  салтанаты  өтеді.

«Таң Шолпан» қорының атауы кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені бұл – қайта туылу, таңғы жұлдыз және әйелдің шығармашылық қуатымен байланысты. Қорда Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Австралия, Германия, Канада, АҚШ елінің кәсіби суретшілері біріккен. Қордағы суретшілердің есімдері республикалық және халықаралық көрмелерден белгілі, олардың барлығын өзіндік көркем тілдері, бейнелеудегі ерекше формасы мен композициялық ізденістері біріктіреді.

Бұл одақтың суретшілері әлемдегі өркендеуді, мәдени-рухани жаңғыруды және қарым-қатынасты насихаттайды, ізденіс ойын тұжырымдай отырып, әр түрлі жанрларды қамтиды.

Көрмеге әр түрлі елдердің 40-қа жуық кәсіби суретшілері қатысып отыр. Экспозицияда кескіндемелік, графикалық, мүсіндік, қолданбалы өнері туындылары (гобелен, киіз паннолар, шым ши) қойылады. 

Сонымен қатар, әйелдер көркемөнер қорының өкілдерінің басты мақсаты – көрмеде әрбір суретші көркемөнер мәнерлерін, инновациялық әдістерін қабылдау әрекетін және заманға сай ұлттық ұлылықты, креативті ой-тұжырымды, өзгеше потенциялдарын түсінікті тілде ортаға салып, мағыналы да мәнді туындыларын паш етеді.

«Таң-шолпан» қорының идеологиялық шабыттандырушысы және ұйымдастырушысы – керемет суретші және тұлға, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Жәмиля Такен

 Гүлнар Жұбаниязова, көрме жетекшісі

 

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір