Еркін Мергеновтің «Ретроспектива» мүсін көрмесінің ашылуы өтеді
14.02.2020
1009
0

2020 жылдың 14 ақпан күні сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Еркін Мергеновтің «Ретроспектива» мүсін көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме Халық суретшісі, Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Платиналы Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты, профессор Еркін Мергеновтің (1940-2015) 80-жылдық мерейтойына арналып ұйымдастырылды.

         Еркін Тілекұлының мүсіндік туындылары – Қазақстан өнеріндегі, тұтастай алғанда халықаралық көркем практикадағы ерекше құбылыс. Ол посткеңестік кеңістіктегі және әлемнің көптеген елдерінде мүсін өнерінің білгірлері мен әуесқойлары үшін танымал. Оның жеке көрмелері Ригада (Латвия), Киевте (Украина), Бішкекте (Қырғызстан), Мәскеуде және Санкт-Петербургте (Ресей), Алматыда және Астанада (Қазақстан) өткен.  

         Сәулет докторы А. Сәбитовтың пікірінше, «Е. Мергенов – екі мәдениетке жататын суретші. Оның көптеген еңбектерін ХХ ғасырда орын алған еуропалық пластикадағы ресми ізденістермен байланыстыруға болады. Дегенмен, тақырыптық және проблемалық жағынан олар дала мәдениетіне, Шығысқа жүгінеді. Мүсіншінің шығармашылық жолының басында мазалаған, өзіндік адами мәдениетін ұғыну, бір-біріне ұқсамайтын мәдениеттердің шиеленісін еңсеру проблемалары соңғы кездегі туындыларында дәстүрлер, мәдениеттер мен гуманизм синтезінде шешімін тапты».

          Еркін Мергенов – В.И. Суриков атындағы Мәскеу Мемлекеттік көркемсурет институтының түлегі. Ол белгілі қоғам және саясат қайраткеріне айналды: 1989 жылы КСРО халық депутаты болып сайланды, аймақаралық топтың құрамына кірді, 1990 жылы КСРО Жоғарғы кеңесінің мүшесі болды. Ол екі рет, 1987-1993 және 1998-2009 жылдары Қазақстан Суретшілер одағын басқарды. 1998 жылдан бастап Халықаралық Суретшілер одағының Халықаралық конфедерациясы кеңесінің тұрақты мүшесі болды.

Өнертанушы Камилла Ли: «Мергеновтің авторлық көркемдік-образдық стилистикасы ол үшін басты фактор болған – кеңістік пен уақытқа сай шарттастырылды. Мүсінші үшін кеңістік қола немесе алюминий сияқты көрнекті материал болды, ол образдық мәнерлілікті құруға қажетті форма құраушы функцияны атқарды. Ал өткеннің, бүгінгінің, болашақтың үшбірлігіндегі суретші сезінген уақытты көрермендер алдында еске түскен немесе ұқсас ой формаларын асты-үстіне келтіріп, мүсінші мүсіндік композицияларға өмірге деген сенім тынысын береді,- дейді».

Көрме 2020 жылдың 14 наурызына дейін жалғасады.

 

Светлана Кобжанова – көрме кураторы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір