«Адамзаттың Абайы»
07.02.2020
585
0

Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Астана Опера» театрының Камера­лық залында Нұр-Сұлтан қаласы әкім­дігі Мемлекеттік академиялық филар­­мониясының камера­лық хорының концерті өтті. Елімізге ғана емес, шетелдерге де танылып үлгерген бұл ұжым­ның концерті өте жоғары деңгейде өтті.

Кеште, Абайдың әлем та­ны­ған шығармалары орындалып, бірнеше тілде өлеңдері оқылды. Бұл кешті, Мырзатай Жолдасбеков, Абай Тасболатов, Баянғали Әлімжанов, Жанғали Жүзбай, Қапаш Құлышева, Төлен Әбдікұлы, Амантай Жұмашев бастаған зиялы қауым өкілдері тамашалады.

Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Талғат Мұсабаев, Азамат Жылтыркөзов; Халықаралық байқаулардың лауреаттары – Асылжан Қайыпов, Нұржан Сағынай (домбыра), Жұбаныш Зетова, Еркебұлан Әбдіқалықов, Мәншүк Құр­ман­ғазина, Жандос Байбосынов; Фортепиано партиясы – Гүлден Базыкендер қатысқан бұл концерт ел ағаларының да көңілінен шыққаны сөзсіз.

Концерттің көркемдік жетекші – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүл­мира Құттыбадамова болды.

Филармонияның басты ұжымдарының бірі — камералық хор біздің елімізде ғана емес, шетелдерге де таны­мал. Ұжымды халық­аралық деңгейде мойындауына Латвия­да­ғы халықаралық хор фестиваліндегі екі алтын медалі, «Шабыт» шығар­­­ма­шыл жастар бай­қау­ын­дағы Бас жүлдесі, Қытай­дағы халықаралық хор фору­мын­дағы екі алтын кубогы және Венгриядағы табысты өнер көрсеткендігі айқын дәлел. Танымалдықтың кепілі ұжым­ның репертуарлық саясаты болып табылады. Камералық хордың көркемдік жетекшісі және бас дирижеры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Құттыбадамованың айтуынша: «Ұжымның негізгі мақсаты – ұлттық репертуарды дәріптеу».

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір