Қазақ романы түрік тілінде жарық көрді
17.01.2020
951
0

Түркияда жазушы Нұржан Қуантайұлының «Қараөзек» романы түрік тіліне аударылып, Анкара қаласындағы «Беңгү» баспасынан жарық көрді.

Алғаш рет 2001 жылы басылып шыққан бұл романға кезінде белгілі қаламгерлер Герольд Бельгер, Мұқадес Есләмғалиев, Асқар Алтай, Амангелді Кеңшілік жоғары баға бергені белгілі. Бұдан кейін де роман қазақ тілінде екі қайтара жарық көрген.

Рухани кеңістігіміздегі болып жатқан өзгерістердің бәріне сергек қарайтын сыншы, әдебиетіміздің мэтрі, марқұм Герағаң (Бельгер) бұл романға ерекше тоқталған еді: «Қараөзек» – қазіргі күрделі өміріміздің бет-пердесін жұлып тастап, жан-жақты ашып, айқын суреттеп, ащы шындықтың көріністерін әшкерелеп, тартысты, әсерлі бейнелеген роман екеніне көзім жетті. Жас адамның зеректігіне, ойлылығына, байқампаздығына тәнті болдым, сүйсіндім».

«Қараөзек» – 1986 жылы Кеңес одағының өктем саясатына қарсы шыққан жастардың күресін – Желтоқсан қасіретін әдеби үлгіде айшықтаған тұңғыш роман. Автор шығармасында Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қоғамдық-саяси мәселелерді де анық суреттеп, жаңа мазмұнда ой өрбітеді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір