Құдай мен анамнан басқа ешкімге сене қоймаймын

Б. Мүбәрак
«Қазақ әдебиеті» vs «Пруст сауалнамасы»
Сауалнама қонағы – ақын Бағдат МҮБӘРАК
– Адамның басты қасиеті не деп ойлайсыз?
– Мейірімді болу.
– Ер-азаматтың басты қасиеті ше?
– Ғайбат сөйлемеу.
– Бақыт деген ұғымды қалай түсінесіз?
– Бір сәттік қуаныш. Бар болғаны сол.
– Сүйікті әдеби кейіпкеріңіз кім?
– Қайсыбірін айтайын…
– Ең басты кемшілігіңіз қандай?
– Тәуекелге бара бермеймін. Соның кесірінен көп мүмкіндікті жіберіп алдым.
– Бос уақытыңызда немен айналысасыз?
– Бір нәрсемен тұрақты айналыспаймын.
– Өмірге екінші рет келсеңіз, кім болуды қалар едіңіз?
– Білмедім.
– Қандай елде өмір сүргіңіз келеді?
– Уақытша Еуропаға кетіп қалғым келеді. Қазақстанда әрбір екінші адам депрессиямен өмір сүретін сияқты.
– Қандай ерекше қабілетке ие болуды қалайсыз?
– Осы сезімталдығым бір басыма жетеді.
– Қандай сәттерде осалдық танытасыз?
– Әрине, шешуші сәттерде.
– «Ғайыпқа сену» дегенді қалай түсінесіз?
– Құдай мен анамнан басқа ешкімге сене қоймаймын.
– Егер өнертапқыш болсаңыз, не нәрсені ойлап табар едіңіз?
– Білмеймін, миыма кіріп шықпайды.
– Неден жиіркенесіз?
– Өлермендіктен.
– Сіз үшін ең ұнамсыз тарихи тұлға кім?
– Сталин.
– Жиі айтатын қанатты сөзіңіз?
– «Сабыр түбі сары алтын».
– Көзіңізге жиі жас аласыз ба?
– Оңашада, иә
– Үнемі есіңізде жүретін Абайдың бір сөзі?
– «Қары қалың қатты қыстың соңынан, көгі шалғын көктем келерін ұмытпа…»
– Қазіргі адамдардың бойынан қандай қасиеттер жоғалып барады?
– Ізгілік пен мейірімділік.
–Біздің заманымыздың мықты ақыны кім? Мықты жазушысы ше?
– Мен қайдан білейін!
– Жас қаламгерлердің бойынан қандай артықшылықтар мен кемшіліктерді көріп жүрсіз?
– Ешкімді тыңдағысы келмейді. Артықшылығы да, кемшілігі де сол.