АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ АЙЛЫҒЫ ӨТІП ЖАТЫР
23.11.2019
619
0

Қазанның 29-ынан бастап Алматы қаласында Денсаулық айлығы өтіп жатыр. Іс-шара желтоқсанның 1-іне дейін жалғасады.

Акция аясындағы жұмыстар Әлмерек ықшам ауданы мен «Атакент Молл» сауда-ойын-сауық орталығынан бастау алды. Шара барысында тұрғындар өз қалауларымен және арнайы медицина мамандарының бақылауымен тегін медициналық тексерулерден, мәселен, холестерин деңгейін, қандағы қант мөлшерін, ВИЧ инфекциясы мен тері-венерологиялық ауруларды анықтауға арналған жедел тестілеуден өтті. Сондай-ақ антропометрия арқылы дене салмағының индексін, көз қысымын анықтау шаралары, ФГ тексерулер жүргізіліп, жалпы тәжірибелік дәрігер, отоларинголог, кардиолог, гинеколог, невропатолог, офтальмолог, хирург мамандардың кеңестері тыңдалды. Осы тектес жұмыстардың барысында 30 адам әрі қарайғы тексерулерден өту үшін учаскелік дәрігердің қарауына жіберілді.

Жалпы, мұндай акциялар бүгінге дейін қаланың 30 шалғай аймағында өтіп үлгерді. Соның нәтижесінде 7000-дай қала тұрғыны тегін медициналық тексерулерден өтіп, түрлі сұрақтар бойынша мамандардан кеңес алды.

 «Бүгін осындай акция өткізіліп жатқанын кездейсоқ біліп, отбасымызбен тексеруден өткенбіз. Өкінішке қарай, қанымдағы қант мөлшері көбейіп кеткені анықталды. Енді міндетті түрде учаскелік дәрігерге баруым керек. Іс-шараны ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды айтамын», – дейді қала тұрғыны Зәуреш Қасенова.

 Акцияның басты мақсаты – халықтың денсаулығын сақтау, сондай-ақ аурулардың туу және өршу қаупін ескерту.

 Нәбира ЕСЕНОВА,

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір