Анкара қаласында аталып өткен ғасырлық той
04.05.2024
556
0

 

Түркия мемлекетінің Анкара қаласында Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы аталып өтті.
ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевтың қолдауымен өткен ауқымды іс-шара конференциядан бастау алды.

Мерейтой аясында қазақ әдебиетінің классигі Б.Соқпақбаевтың өзі ұстаған, қазіргі таңда Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейінің негізгі қорында сақталған (қолшатыр, сағат, отбасылық суреттері, киімдері) экспонаттарынан және кітаптарынан көшпелі көрме қойылды. Жиын барысында екі елдің азаматтары жазушы еңбектерінің ерекшелігіне тоқталды. Шарада сөз алған Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ерғалиұлы ұйымдастырушыларға алғыс айтып, өңір басшысы Марат Елеусізұлының жылы лебізін жеткізді. Конференция барысында Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы екі елдің мәдени қарым-қатынасын дамыту деңгейі артқанын айтты. Сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Мереке Құлкенов өз сөзінде әдеби мұраны бауырлас мемлекеттерде дәріптеудің маңызына тоқталды.
Биыл көрнекті жазушының 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді. Қазірдің өзінде еліміздің түкпір-түкпірінде жазушыға арналған мерейтойлық шаралар жалғасын табуда.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір