«Шекара не өзен болар, не кезең болар
25.10.2015
1523
0
567785_1159407473____________________________
Қазақ хандығы туралы қазақ халқының жалпы түсінігі қалай қалыптасқан? Біреулер ата-бабамызға кінә артуға бейім. Айталық, мемлекеттік аппарат құра алмаған, территориялық делимитация жасай алмаған деседі. Сондай талаптарды жасай алмаудың себеп-салдары да бар шығар. Біз кінәлаудан гөрі бабаларды түсінуге тырысып қарағанда нені түсінеміз?

Сатай Сыздықов,
тарих ғылымдарының докторы, профессор

Бала кезімде ауылдың қысқы аязды, боранды кешкі күндерінде қазақтың екі бөлмелі тамындағы жылы пеш түбінде оты­рып әкем мен шешеме Кобыланды, Ал­памыс, Қамбар, Ер Тарғын, Манас батыр сияқты эпостық кітаптарын өзім жете түсінбесем де, судырата оқып беруге құш­­тар болатынмын. Эпостағы алуан түрлі оқи­ғалар желісінің кейбір тұстарын­да анам көзіне келген жасын ақ жау­лы­ғымен сүртіп, анда-санда: «Е, дүние-ай», – деп күр­сініп қоюшы еді. Сонда ғана бір тоқталып, мен үшін бір ұзақ-сонар тақпақ сияқты бол­ған бұл кітаптарда  бір керемет тылсым күш пен ерекше қасиеттің бар еке­ніне іштей сенетінмін. Міне, осындай қа­зақ­тың ауызша тарих айту дәстүрі не­месе эпостық жырлар мен тарихи аңыз­дар ар­қылы өткен тарихымыз, со­ның ішінде Қа­зақ хандығы жөнінде хал­қы­мызда ішкі тү­сінік қалыптасты. Айта кету керек, ол тү­сінікте мемлекет, хандық деген сөз­дер­дің орнында батыр, би, жырау, хан, уәзір деген сөздер қолданылды. Жалпы, біздің қара халықтың ішінде «мемлекет», тер­ри­ториялық делимитация» немесе «басқару ап­параты» деген сөздер жоқ еді. Ол сырттан, Батыстан немесе сол Батыс арқылы орыс­тардан кірген сөздер болатын. Ал мұн­дай сөздері жоқ деп ата-баба­ла­ры­мызды кінәлау тарихқа дилетанттық көз­қараспен қарау болып табылады. Көш­пе­лілігі басым қоғамның мемлекеттік дәс­түрі басқаша болды. «Мемлекеттік ап­парат» дегеннің орнына «хан», «би», «ба­тыр», «жырау», «уәзір» атаулары, мемлекет сө­зінің орнына «ұлыс», «территориялық де­­лимитация» орнына «шекара не өзен бо­­лар, не кезең болар» деген  мәтел сөз қол­данылды. Сондықтан бұл жерде еш­кімді кінәлаудың қажеті жоқ. Өйткені, бәрі бар, бірақ соны білмейтін адамдар бар. «Сондай талаптарды жасай алмаудың се­беп-салдары да бар шығар» деу қате қойылған сұрақ. Бабаларды түсінгісі кел­гендер Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дидактикалық поэмасын Асқар Егеу­баев­тың аудармасынан оқысын, бір емес, бір­неше рет оқы­сын. Сонда біздің мәңгілік елдің, орта­ға­сыр­лық мемлекетіміздің сая­­си-құқықтарын, хан, мемлекеттік ап­пара­тының кімдерден тұрғанын және олар­дың қандай функцияларды атқар­ғанын көрсеткен.
Біз кінәлаудан гөрі бабаларды түсінуге тырысып қарағанда нені түсінеміз? «Ба­ба­ларды түсінуге тырысу» деген сол өзі­міз­ге дейінгі рухани мұраларымызбен (мыс: «Құтты Білік») қайта табысу, соларды өзіміз игеріп, келешек ұрпаққа беру де­генге саяды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір