АҚШ-та өткен симпозиум
25.10.2019
815
0

2019 жылы 4 қазанда Ұлттық сәулет музейінде (Вашингтон, АҚШ) Смитсон институты Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің жетекші ғалымдары мен зерттеушілері баяндама жасаған «Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері және креативтік экономика» атты симпозиумы өтті. Бұл шара – еліміздің мәдени саясатын шет елдерде дәріптеу мақсатында қолға алынған ауқымды жұмыстың бірі. АҚШ-тағы Қазақстан Елшілігінің белсенді қолдауымен симпозиумды ұйымдастырушылар – профессор Гүлмира Кенжеболатқызы Шалабаева (Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі) және доктор Пол Майкл Тэйлор (Смитсон институты).

Өзінің қайнар бұлағын көшпелі скиф-сақ мәдениеті мен Ұлы Жібек жолынан алатын Қазақ­станның қол өнері немесе сәндік-қолданбалы өнері әлемнің ғылыми және музей қауымдастығының қызығушылығын оятты.

Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің қорында бірнеше буын музей қызмет­керлерінің Қазақстанның түрлі өңірлері мен қазақ диаспоралары тұратын шет елдерден жүздеген жылдар бойы жинап, зерттеген қазақ сәндік-қолданбалы өнерінің қомақты коллекциясы бар. Қазір Ә.Қастеев атындағы ҚР МӨМ – түрлі каталогтар, монографиялар, мақалалар мен көркемсурет альбомдарын зерттеп, жариялайтын, Қазақстан өнерін зерделейтін  алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтардың бірі.

Ә.Қастеев атындағы ҚР МӨМ әлемдегі алдыңғы қатарлы музейлердің бірі Смитсон институтымен және оның Азияның мәдени тарихын зерттеу бағдарламасымен (Smithsonian Asian Cultural History Program) көп жылдардан бері серіктестік қатынаста. Екі музей бірнеше бірлескен жобаны табысты атқарды.

Жаңа бірлескен жоба – «Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері және креативтік экономика» симпозиумы әлемдегі қазақтың халықтық қолданбалы өнерін дамыту жөнінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы маңызды оқиға болмақ. Симпозиум Craft2Wear Show көрмесі мен Қазақстан Қолөнершілер одағының «Қазақстан: Тәңір жаны» қазақ өнері аясында өтеді. Смитсон институтының Әйелдері комитеті жыл сайын ұйымдастыратын Сәндік-қолданбалы өнер шоуы (Craft2Wear Show) беделді қолданбалы өнер алаңы болғандықтан, әлемнің барлық талантты, дарынды суретшілері мен дизайнерлерінің жұмыстарын экспозициялайды.

Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің өзекті қырлары бойынша тақырыптық болжамдар жасалды.

Баяндамалар Американың ғылыми қоғамдас­тығына да, қалың көпшілік қауымға да Ұлы дала өнерімен танысып, тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Смитсон институтының ғалымдары Пол Майкл Тэйлор, Джаспер Во-Квозебарт, Роберт Понтсиоэн, Супамас Снитвонгзе, Иниго Акоста және Джаред Коллер қазақстандық әріптестермен пікірталасқа түсіп, сәндік-қолданбалы өнерді салыстырмалы талдаудың үлгілерін көрсетті.

 «Далалықтар ежелгі дәуірде киімдер мен басқа да түрлі заттарды жасау үшін теріден, киізден, жүн мен зығырдан әзірленген материалдарды пайдаланды. Дала өркениетінің қоршаған әлеммен және табиғатпен үйлесімі заманауи қолданбалы өнер элементтерінде де көрініс тапты, егемен Қазақстанның символдарының бірі – Барыс – осының айғағы. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында атаулы шара Ұлы даланың дүниетанымы мен халықтық құндылықтардың, біздің бабаларымыздың тарихи шежіресінің бір бөлшегі», – деді АҚШ-тағы Қазақстан Елшісі Е. Қазыханов.

Клара ИСАБАЕВА, баспасөз қызметінің жетекшісі

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір