ҚАЗІРГІ АДАМДАРДЫҢ БОЙЫНАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОҒАЛЫП БАРАДЫ…
22.10.2019
1467
3

«Пруст сауалнамасы vs «Қазақ әдебиеті»

Арман Қани, ақын

– Адамның басты қасиеті не деп ойлайсыз?

– Адамгершілік.

– Ер азаматтың басты қасиеті ше?

– Азаматтық.

– Бақыт деген ұғымды қалай түсінесіз?

– Арманыңа қол жеткізу.

– Сүйікті әдеби кейіпкеріңіз кім?

–  Кенесары хан.

– Ең басты кемшілігіңіз не?

– Кекшілдік.

– Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

– Интернеттегі жарияланымдары оқып зерделеу.

– Өмірге екінші рет келсеңіз, кім болуды қалар едіңіз?

– Күрескер  ақын.

– Қандай елде өмір сүргіңіз келеді?

–  Қазақтілді демократиялық  Қазақстанда.

–  Қандай ерекше қабілетке ие болғыңыз келеді?

– Сазгерлік.

– Қандай сәттерде осалдық танытасыз?

–       Марқұм ұлымды еске алған сәттерімде.

–       «Ғайыпқа сену» дегенді қалай түсінесіз?

–       Алланың құдіретіне сену.

–       Егер өнертапқыш болсаңыз, не нәрсені ойлап табар едіңіз?

–       Велосипедтен басқа бірдеңе…

–       Не нәрседен жиіркенесіз?

– Сатқындық.

– Сіз үшін ең ұнамсыз тарихи тұлға кім?

– Голощекин және сол секілді большевиктер.

– Жиі айтатын қанатты сөзіңіз?

– «Жақсыдан – шарапат, жаманнан – кесапат».

–  Көзіңізге жиі жас аласыз ба?

– Кейде.

–  Үнемі есіңізде жүретін Абайдың бір сөзі…

– «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең – істің бәрі бос».

–  Қазіргі адамдардың бойынан қандай қасиеттер жоғалып барады?

– Қайырымдылық.

–  Біздің заманымыздың мықты ақыны кім? Мықты жазушысы ше?

– Мықты ақыны – Олжас Сүлейменов,  мықты жазушылар аз емес.

– Жас қаламгерлердің бойынан қандай артықшылықтар мен кемшіліктерді көріп жүрсіз?

– Артықшылығы – батылдығы, кемшілігі – мақтангөйлігі.

ПІКІРЛЕР3
Аноним 01.11.2019 | 06:12

Керемет сөздер, өнеге алатын, тәлім тәрбие алатын, мағанасы мен мазмұны терең ғұламалардан қана шығатын асыл сөздер.

Аноним 01.11.2019 | 23:01

Осы сауалнамадағы екі жауап маған ой туғызады
1. Кекшілдік
2. Мақтангөйлік
Неден пайда болады екен? Жаратылыстан ба?

Аноним 01.11.2019 | 23:05

Осы сауалнамадағы екі жауап маған ой туғызады
1. Кекшілдік
2. Мақтангөйлік
Неден пайда болады екен? Жаратылыстан ба?
Қайырымдылықтың жойылуы, меніңше, жағанданудын салдары. Жағандану- таудан ағып келе жатқан сел-лай сияқты көрінеді маған.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір