«Алаш тарихының ақиқаты» атты жабық бәйге өз мәресіне жетті
25.10.2015
2681
0
748442_88044099_khd-UwWUY_gТамырын тереңнен тартар өшпес өткені, көшпес рухы бар халық екеніміз тарихтан белгілі. Ондаған ғасырлық заманалар көші осы айтқанымыздың айқын дәлелі. Әсіресе, елдік дамуы­мыздың кең қанат жайып, төрт­күл әлемге атағы кең танылған тұсы – Тәуелсіздік дәуірі. Бұл кезең – Қазақстанның мемлекет ретінде шекарасын айқындап, қазығын нықтап, төрт тараппен байланысын мықтап, экономикалық ендіктер мен саяси бағытымыздың тың мо­делін айқындап, дамудың жаңа сатысына қадам басқан тарихи кезең. Осы жылдар ішінде өткен тарихымыз бен мәдени мұраларымыз қалпына келтіріліп, ұлы тұлғаларымызға қатысты тарих қайта жаңғырды.

Осы орайда Елбасы пәрменімен кең кө­лем­де тойланып жатқан Қазақ хандығының 550 жыл­дығына орай Қазақстан Жазушылар одағы мен Еуразиялық Топ (ERG) бірле­сіп көр­кем әдебиетіміздің соны, тың туын­ды­лармен то­лығуына, оқырмандарды иман­ды­лыққа, елін, жерін сүюге баулитын жаңа шы­ғармалардың дүниеге келуіне ұйытқы болу мақсатында «Алаш тарихының ақиқаты» атты арнайы шығармашылық жабық бәйге жария­лаған болатын. Үш жанрды қамтыған және қомақты қаржылық қолдау көрсетілген бұл ірі жоба – еліміздің мәдени-рухани өміріндегі ең бір елеулі оқиға және алғаш ұйымдастырылып отырған жабық бәйге.
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы сек­ретариатының ұйғарымымен үш жанр бо­йынша бәйгеге түскен шығармаларды сара­птау үшін көрнекті, белгілі ақын-жазушы, әдебиет сыншысы, театр қайраткерлерінен (құрамында бір төрағасы, он мүшесі, барлығы 11 адам бар) арнайы сараптау, талдау, бағалау комиссия құрылған. Шығармаларды қабыл­дау мерзімі 2015 жылдың 10 тамызында аяқ­талды. Бәйгенің талаптарына сәйкес шы­ғармалар тек лақап атпен ғана тіркеліп алынды. Үміткердің толық аты-жөні арнайы бөлек конвертке салынған. Бәйгеге проза, поэзия, драматургия жанрлары бойынша 200-ге жуық шығармалар түскен болатын. Лақап аты жазылған шығармалар комиссия мүшелерінің барлығына алдын-ала таратылып берілген. Қазылар алқасының мүшелері шы­ғар­маларды бір жарым ай бойы оқыды. Бәй­геге түскен барлық шығармаларды терең талдаудан, кәсіби сұрыптаудан өткізген комиссия мүшелері 2015 жылғы 28 қыркүйек күні толық құрамда қорытынды жиынын өтк­ізіп, бәйгенің ақтық шешімін шығарды. Ко­миссия төрағасының ұсынысымен барлық шешімдер, шығармаларды бағалау ашық дауыс­қа салынды. Жүлдегерлер толық белгілі болған соң барып комиссия төрағасы және мүшелерінің көзінше үміткер туралы толық мә­лімет жазылған конверттер ашылды. Хат­тама жасалды. Шығарылған шешімді Қазақс­тан Жазушылар одағының басқармасы секретариаты дауысқа салу арқылы бекітті. Комиссияның ортақ шешімі бойынша жүлде­гер­лер құрамы анықталды:
 
Проза жанры бойынша:
Бас жүлде. Бүркеншік аты – «Батыс», шы­ғар­маның аты – «Какаду». Авторы – Тынымбай Нұрмағамбетов.
1 орын. Бүркеншік аты – «Шегірұлы», шығарманың аты – «Дүрбелең». Авторы – Момбек Әбдәкімұлы.
2 орын. Бүркеншік аты – «АБВГ», шығар­ма­ның аты – «Шығайбайдың алтыны». Авторы – Жанна Абузарова.
2 орын. Бүркеншік аты – «Сұлтан Мәмет», шы­­ғар­маның аты – «Төретұмсық». Авторы – Бақытжан Қанапиянов.
2 орын. Бүркеншік аты – «Жол», шығарма­ның аты – «Маған таныс тағдырлар». Авторы – Қуаныш Жиенбай.
3 орын. Бүркеншік аты – «Жошы», шығар­ма­ның аты – «Абыз дала аңызы». Авторы – Әділ­бек Ыбырайымұлы.
3 орын. Бүркеншік аты – «Ұлан», шығар­­ма­ның аты – «Дүбірге толы дүние». Авторы – Төкен Әлжантегі.
3 орын. Бүркеншік аты – «Ақиық», шығар­маның аты – «Жолаушы». Авторы – Асқар Алтай.
3 орын. Бүркеншік аты – «Сұр жебе», шы­ғар­маның аты – «Оңқа-Жәдік оқиғасы». Авторы – Серік Сағынтай.
Поэзия жанры бойынша:
Бас жүлде. Бүркеншік аты – «Ес­іл-Нұра», шығар­маның аты – «Кене­са­ры­ның Ақмолаға шабуылы». Авторы – Се­рік Тұрғынбекұлы.
1 орын. Бүркеншік аты – «Ұрпақ», шы­ғар­­ма­ның аты – «Баба байрақ». Авторы – Сайлау Байбосын.
2 орын. Бүркеншік аты – «Қаракөк», шы­ғар­маның аты – «Сен – отсың, мен – күлмін». Авторы – Серік Ақсұңқарұлы.
2 орын. Бүркеншік аты – «Таң», шығарманың аты – «Шерменде». Авторы – Жарас Сәрсек.
2 орын. Бүркеншік аты – «Қоңыр», шығар­ма­ның аты – «Низам». Авторы – Әбубәкір Қай­ран.
3 орын. Бүркеншік аты – «Ләйлек», шығар­ма­ның аты – «Тұңғиық». Авторы – Қорғанбек Аманжол.
3 орын. Бүркеншік аты – «Ан-арыс», шы­ғар­­маның аты – «Қарт даламен тілдесу». Ав­то­ры – Наурызбек Саршаев.
3 орын. Бүркеншік аты – «Есілбек», шығар­ма­ның аты – «Азаттық шуағы». Авторы – Ба­қыт­бек Бәмішұлы.
3 орын. Бүркеншік аты – «Рухсана», шығар­ма­ның аты – «Қазағым менің ұраным». Авторы – Ғалым Әріп.
3 орын. Бүркеншік аты – «Шойын жол», шы­ғарманың аты – «Жеті жарғы». Авторы – Ескен Елубай.
3 орын. Бүркеншік аты – «Үмітбек», шы­ғар­маның аты – «Бойтұмар». Авторы – Мыңбай Рәш.
Драматургия жанры бойынша:
Бас жүлде. Бүркеншік  аты ­– «Рахмет», шығар­ма­ның аты – «Хан тұқымы». Ав­торы – Иранбек Оразбаев.
1 орын. Бүркеншік аты – «Қара құйын», шығарманың аты – «Нарком Жүргенов». Авторы – Рахымжан Отарбаев.
2 орын. Бүркеншік аты – «Ізет», шығар­маның аты – «Мәңгілік махаббат әні». Авторы – Сұлтан­әлі Балғабаев.
2 орын. Бүркеншік аты – «Көкжал», шығар­­ма­ның аты – «Аңсар». Авторы – Думан Рамазан.
2 орын. Бүркеншік аты – «Бекназар», шы­ғар­маның аты – «Мырзабидің жазасы». Авторы – Жолтай Әлмешұлы.
3 орын. Бүркеншік аты – «Жантақ», шығар­ма­н­ың аты – «Дөп-дөңгелек дүние». Авторы – Ғани Балтағарин.
3 орын. Бүркеншік аты – «Қара Ғаши», шы­ғар­маның аты – «Еңсегей бойлы ер Есім». Авторы – Кенжебай Ахмет.
3 орын. Бүркеншік аты – «Айсері», шығар­ма­ның аты – «Шерата мен Шынбала». Авторы – Жәркен Бөдеш.
3 орын. Бүркеншік аты – «Кәстай Бекілән», шығарманың аты – «Азат Алаш – даңқты Алаш». Авторы – Мағира Қожахметова.
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір