Солтүстік Қазақстан – дамыған ауылдар
19.08.2019
836
0

«Жастар салауатты өмір салты үшін» ЖҚБ мемлекеттік гранты бойынша, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Ақпарат және қоғамдык даму министрлігінің қолдауымен 2019 жылдың маусым айынан бастап «Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасын жүзеге асыруда.

Жобаның негізгі міндеттері – аймақтағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін нығайту, сонымен қатар ҮЕҰ мен бастамашыл топтарға шағын гранттар беру арқылы жергілікті қоғамдас­тықтың әлеуметтік маңызды мәселе­лерін шешуге ауыл тұрғындарының тартылуын ынталандыру.
Персоналды басқару саласындағы шешуші міндеттің бірі – ауылдық ҮЕҰ кадрлық әлеуетін дамыту мақсатында ауылдық қоғамдық ұйымдардың қызмет­керлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар жүр­гізіліп, тиісті мемлекеттік органдармен ынтымақтастық орнатылуда. Семинар-тренинг барысында Солтүстік Қазақстан облысының 13 ауда­нын­дағы 90-ға жуық ауылдық ҮЕҰ, бас­тамашыл азаматтар және тиісті мемле­кеттік органдардың өкілдері оқытылды.
Сондай-ақ, жоба аясында ҮЕҰ үшін электронды кітапханасы бар ақпараттық сайт (www.nposko.kz) құру және онда гранттар мен ҮЕҰ-ға арналған семинарлар туралы тиісті ақпаратты орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ жоба аясында ҮЕҰ құру және оның қызметі туралы ауылдық ҮЕҰ өкіл­дері­мен кеңестер өткізілуде. Мәлі­мет­тер базасы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, мемлекеттік гранттар мен марапаттар, қауымдастық кеңестері және ауылдық ҮЕҰ үшін басқа да мүмкіндіктер, бухгалтерлік есеп, заң­герлік көмек мәселелері жан-жақты қарастырылды.
Жалпы, жобаны жүзеге асыру бойынша атқарылатын жұмыстар СҚО-да ауылдық ҮЕҰ тұрақты коалициясын құру арқылы СҚО-дағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыруға бағытталған.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір