БАЛАҒА АҚЫЛ ҮЙРЕТЕТІН ОЙЫНШЫҚ ОЙЛАП ТАБУ КЕРЕК
09.08.2019
1148
0

Пруст сауалнамасы (The Proust Questionnaire) – бұл адамның жеке болмысы туралы сауалнама. Оның атауы сұхбат нысаны ретінде француз жазушысы Марсель Прусттың жауаптарымен байланысты. Әлемге кең таралған, адамның ішкі дүниесін ақтаратын осы бір тағылымды сауалнама әдеби ортада күні бүгінге дейін өмір сүріп келеді. Біз «Пруст сауалнамасы» үлгісін ұстана отырып, арамызда жүрген ақын-жазушылардың, өнер иелерінің ішкі «менін» ашуға тырыстық. Төмендегі сауалдардың ішінде Прусттық стильдегі сауалдар мен «Қазақ әдебиетінің» өз сауалдары да бар. Аталған сауалнаманың алғашқы қонағы – жазушы Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК.

1. Адамның басты қасиеті не деп ойлайсыз?
Тыныш отыра алмау.
2. Ер азаматтың басты қасиеті ше?
Бала-шағасын жылатпау.
3. Бақыт деген ұғымды қалай түсінесіз?
Басыңда тұрғанда сезінбейтін нәрсе.
4. Сүйікті әдеби кейіпкеріңіз кім?
«Қылмысымды жаз­ған соң, өлмей нем қалды», – дейтін «Қылмыс» романының кейіпкері.
5. Ең басты кемшілігіңіз не?
Кемшілігім жоқ.
6. Бос уақытыңызда немен айналысасыз?
Жүрем, жүгірем, суық су құйынам.
7. Өмірге екінші рет келсеңіз, кім болуды қалар едіңіз?
Кинорежиссёр болғым келеді кейде.
8. Қандай елде өмір сүргіңіз келеді?
Өз елімде.
9. Қандай ерекше қабілетке ие болғыңыз келеді?
Тек талантты дүниелер тудыратын қабілетке ие болсам, жаман болмас еді.
10. Қандай сәттерде осалдық танытасыз?
Қолды бір сілтеп кетіп қалатын жерде.
11. «Ғайыпқа сену» дегенді қалай түсінесіз?
Ниетім дұрыс.
12. Егер өнертапқыш болсаңыз, не нәрсені ойлап табар едіңіз?
Балаға ақыл үйрететін ойыншық ойлап табу керек.
13. Не нәрседен жиіркенесіз?
Жағымпаздық пен сатқындықтан.
14. Сіз үшін ең ұнамсыз тарихи тұлға кім?
Сталин.
15. Жиі айтатын қанатты сөзіңіз?
Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол.
16. Көзіңізге жиі жас аласыз ба?
Жоқ.
17. Үнемі есіңізде жүретін Абайдың бір сөзі…
«Мұңдасарға кісі жоқ – сөзді ұғарлық,
Кім көңілді көтеріп, болады ермек».
18. Қазіргі адамдардың бойынан қандай қасиеттер жоғалып барады?
Ішкі сенім.
19. Біздің заманымыздың мықты ақыны кім? Мықты жазушысы ше?
Есенғали мен Тұрсынжан.
20. Жас қаламгерлердің бойынан қандай артықшылықтар мен кемшіліктерді көріп жүрсіз?
Жас қаламгерлердің жазуға дайындығы ҰБТ тапсыратындардың дайындығындай. Бірақ тоқығандары аздау ма деп қорқамын.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір