«Дала сазының энциклопедиясы»
17.06.2019
724
0

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында «Рухани жаңғыру» бағдарла­масы аясында А.Затаевичтің 150 жылдығына орай «Музыкалық этнографиядағы тұлға, дәстүр, мәдениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған ауқымды шараға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Болгария және Венгрия елдерінен 55 музыка зерттеушісі қатысты. Салтанатты басқосуда ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова этнограф Александр Затаевичтің ұлтымыздың өнеріне сіңірген орасан зор еңбегі жайында құнды деректерге толы баяндама жасады. Конференция қазақ, қырғыз, өзбек, әзербайжан халықтарының дәстүрлі әндерін орындаған дәстүрлі әншілердің концертіне ұласты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір