«ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ» ЮНЕСКОНЫҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫНА ЕНДІ
01.02.2019
740
0

Маврикий елінің астанасы Порт-Луи қаласында өткен Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитеттің 13-сессиясында қазақтың «бие байлау», «айғыр қосу» және «қымызмұрындық» жоралғылары «Қазақ жылқышыла­рының дәстүрлі көктемгі әдет-ғұрыптары» деген атпен ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасы атанды.

Сонымен қатар, «Терісаққан көктемі» этнофестивалі туралы ағылшын тілінде 20 минуттық деректі фильм түсірілді. Оны Оңтүстік Кореядағы ЮНЕСКО өкілідігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.

Н.ШӘЙДІКЕРІМ,
ХАТУ

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір