ЖЕТІ ЖАРҒЫ
27.02.2019
1598
0

«Қасым мен Есім хандардың әдет-ғұрып заңдары бойынша кісі өлтірген айыпкердің шаңырағы ортасына түсіріліп, қара орманы бүлдіргісіне дейін түк қалдырмай түгел таланып, өзі өлім жазасына бұйырылатын болған. Ал «Жеті жарғыда» бұл даудың жазасы әжептәуір жеңілдене түскен. «Қанға – қан» жойылып, енді құн төленіп, айып кесілетін болған. Және айып – жеті айып аталған. Олар мыналар: бірінші айып – қара «қазан» төлеу. Қара қазан төлеуі – айыпкердің шаңырағының ортасына түскеннің белгісі. Екінші айып – «қара нар беру». Сол қара нармен өлген кісі атақты адам болса, Түркіс­­танға апарылып қойылатын болған. Үшінші айып – «қара мылтық алу». Қара мылтықты алу – қылмыс­кердің күшін алуы, қаруын жоюы. Бұдан кейін ол өлгенмен тең болмақ-мыс. Төртінші айып – «қара шолақ бие жетектеу айыпкердің ырысының шайқалуының анық нышанына балан­ған. Бесінші айып – «қара кілем ұстау». Қара кілем ұстау тұралаған­дықтың көрінісі саналған. Алтыншы айып – «жетім беру», ол көңілде кірбіңдік қалмасын, аралас-құраластық басталсын дегенді меңзеген. Жетінші айып – «жесір бастаған тоғыз жөнелту». Ол – қан-жыны араласып, ағайынның қылтықсыз табысуының басы деп есептелген».

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір