«Ұлы даланың жеті қыры». Жастар не дейді?!
27.02.2019
1241
0

Жақында жас ақын-жазушылар арасында «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы жарияланғаны белгілі.Байқау мақсаты – қазақстандық қоғамды рухани жаңғыртудың идеялары мен құндылығын көрсететін қазіргі заманғы қазақстандық авторлардың шығармашылығын дамыту болатын. Конкурс бес номинация бойынша өткізілді: «Проза», «Поэзия», «Драматургия, көркем фильм мен телесериал сценариі», «Публицистика», «Балаларға арналған шығарма». Төмендегі сауалдарымызды «Поэзия» номинациясының 1 және 2 орын иегерлері Нұргүл Маулина мен Жанат Жаңқашқа қойған болатынбыз.


1.Тұңғыш рет ұйымдастырылған «Ұлы Дала» шығармашылық байқауы өз мәресіне жетті. Байқауға өздеріңіз де қатыстыңыздар.Байқау жөнінде өз пікіріңізді білдірсеңіз.
2. Байқау қаншалықты әділ өтті деп ойлайсыз?
3.Қазір не жазып жүрсіз?
4. «Жастар жылында» қазақ жұртына не тарту етпексіз?
5. «Жастар жылынан» не күтесіз?

Нұргүл Маулина:
– Бұл байқау – еліміздің түкпір-түкпіріндегі таланттардың түйдек-түйдек туындылары мен ойлы оқыр­манның арасындағы алтын көпір. Артықшылығы да – осы: кең масш­табты қамтуын­да және жария өтуінде. Көптеген жаңа талант­тың көзін ашты деп ойлаймын.


Жанат Жаңқашұлы:
– Маған ұнағаны – тақырып еркіндігінің болғаны. Мысалы, «жырлайтын тақырыбың – мынау» деп бір тақырып берсе жасанды өлеңдердің жарысы болар еді. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын негізге алып ұйымдастырған екен. Ал, «Ұлы даланың жеті қырында» қазақ ұлтына бұйырған қаншама несібе, қаншама тақырып жатыр! Бәйгеге қосқан өлеңім – «Менің Қарқаралым» деп аталатын өлеңдер топтамасы. Яғни, туған жерім. Бұл – мүшәйрадан ертерек жазылған жыр. Арнау жазатын мүшәйрадан жүлделі болып көргем жоқ. Шамам келсе, ондай мүшәйраға қатыспауға тырысамын.

Сауалнаманы дайындаған Жайна Молдағали

(Толық нұсқасына газеттің №8 (3642) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір