ҚЫПШАҚТЫҢ ҚОҢЫР ҰЛЫ

Мандоки Қоңыр Иштван (1944-1992)
Биыл атақты түркітанушы Мандоки Қоңыр Иштванның туғанына 75 жыл толды. Мандоки Қоңыр Иштван 1944 жылы 10 АҚПАНДА Мажарстанның Кішіқұман (Кишкуншаг) өңірінің рухани орталығы саналатын Карцаг қаласында дүниеге келді. Мектептен соң, сол кездегі саяси-идеологияның кесірінен Қарсактағы ауыл шаруашылығы техникумын тәмамдайды. Мажарстанда саяси ахуал сәл жақсарған кезде жерлесі, әлемге танымал түркітанушы, академик Немет Дьюланың партиялық кепілдемесінің арқасында 1963 жылы Өтвөш Лоранд мемлекеттік университетіне қабылданады. Оқуын бітірген соң сол университеттің түркология кафедрасында, ішкі Азия зерттеулері кафедрасында, кейінірек Мажарстан Ғылым Академиясының алтаистика зерттеулер тобында және Сечени ғылыми кітапханасында қызмет істеген.
Ол студент кезінен бастап Еуропадағы түркі этникалық топтары арасынан тілдік, фольклорлық және этнологиялық деректер жинақтап, 1970 жылы «Добружа татарларының тілдік зерттеулері» тақырыбында университет докторы жұмысын қорғайды. Кейін экспедициялық жорығын Анадолыдан Орхонға дейін жалғастырады.
Қоңыр зерттеуінің негізгі нысанасы етіп мажарлардың және құмандардың көне тарихы мен түркі-мадьяр байланыстарын бағдар етіп ұстанды. Зерттеулері көне түркі текті көптеген мадьяр сөздерінің этимологиясының түйінін шешті, башқұрт-мадьяр ортақ этнонимі төңірегінде қалыптасқан жаңсақтыққа төрелік айтты, мадьярлар мен құмандардың түркілермен байланыстарын бірнеше қырынан, атап айтқанда фольклор үлгілеріндегі реликттермен, диалект сөздер, топонимдер мен антропонимдер арқылы жан-жақты дәлелдей білді. Ол 1981 жылы «Мажарстандағы құман тілінің ескерткіштері» тақырыбында диссертациясын қорғап, доцентура алды. Кеңес Одағында түркология саласындағы тың еңбектерді әлемдік ғылымға танытып, түркі халықтарының ән мәдениеті мен фольклоры туралы ондаған мақала жариялады.
1965 жылдан өмірден озғанға дейін Шығыс Еуропада Балқаннан бастап, Орта, Кіші, Кіндік Азия және Орал, Алтай, Памир, Орхон бойына дейін жүріп өткен кең аумақта Қоңыр мыңдаған жандарға ой салды, ынтымақ пен ізгілікке шақырды. Сондай бір, кезекті ғылыми іссапармен құмықтарға барған сапарында, 1992 жылдың тамызында Дағыстанда, Макачқалада жүрек сырқатынан дүниеден озды. Өз өсиеті бойынша Қоңырдың сүйегі қазақ жеріне – Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленгендігі көпшілікке үлкен ой салған құбылыс болды.
Түркі жұрттарының нақты болмысы, табиғаты, тілі, тарихы, мәдениетін өте кең ауқымда жете зерделеген ерен еңбегі үшін Қоңырға 1993 жылы Мажарстан Ғылым Академиясының Постумус сыйлығы берілді.
Қоңыр түркі жұрттарының береке-бірлігі үшін қажыр-қайрат таныта білген азамат. Атақты ғалымның 75 жылдығына орай, ғылыми шығармашылығының ауқымды бөлігін құрайтын Балқандағы ноғайлардың тілі мен әдебиетіне қатысты жарияланған алғашқы зерттеулерінің бірін тәржімасымен беріп отырмыз.
Мақала соңында Добружа татарларының (ноғайларының) үш ертегісі түпнұсқа тілде, кириллицамен берілді. Еңбекті мадияр тілінен қазақшаға аударып дайындаған, шәкірті – тарих ғылымдарының кандидаты Бабақұмар Қинаятұлы.
Қырмысқа ман шегерткі
Бір заманда бар екен, бір заманда иоқ екен, ескі ескі заманлардан бірінде бір қырмысқа ман бір шегерткі бар екен. Екеу де бір гүн деңізде жувунмаға қарар берген. Деңізге түскенде күшлү бір боран көтеріліп қырмысқаны сувға көмген. Тек башына қалған шегерткі деңіз қыйысына шыққан.
– Жаным, досум қырмысқа, қайдасың? – деп сорай.
Шегерткінің сесін ешітіп қырмышқа шабаланып сув үстүне шыға. шыға. Шегерткіге сес бере:
– Жаным шегерткі, мен бувулйатырман, маға иардым етсене, домуздан бір қылшық кетір де, оға асылып қыйыға шығайым! – дій.
Шегерткі домузны қыдырып, оны шамур ішінде таба.
– Жаным донуз, бір қылшық бер де, бувулйатқан қырмысқаны қуртарыйым! – дій шегерткі.
– Пындық алып кел, қылшық бережекмен саға – дій домуз.
Шегерткі бір пындық терегіне ушуб бара.
– Жаным терек, бір тенекій бындық бер!
– Пындық саға не керек? – сорай пындық терегі.
– Пындықты домузға бережекмен, домуз маға бір қылшық бережек, о қылшықман мен бувулиатқан зауаллы қырмысқаны қуртаражақман.
– Пындық істерсең, қарғаға барып айт, оға кі менім пындықларымны қырламасын. Айтқан соң мен саға бір пындық бережекмен – дій пындық терегі…
…
(Толық нұсқасын газеттің №7 (3641) санынан оқи аласыздар)