БЕКЗАТТЫҚТЫҢ БЕЙНЕСІ

Ең жақын достарымның бірі – Рәтбек Сәдуақасұлы Терлікбаев деген ақын да алпысқа келіпті. Келгенде де жай келмепті, өзінен аттай он ай бұрын алпыс жасқа толып алып, ағалық танытып отырған мына менің өкшемді қаната-маната ентелеп жетіпті. Уақыт – деген осы!
Ақын досымның «Жалғыз бала. Жалғыз үй» деген өлеңі есіме түсіп отыр.
Тасқұдықта.
Жалғыз үйде жалғыз ұл.
Күншығыстан таң ататын алқызыл.
«1955» деп балшықтан
таңба салған –
шыр айналып тамды бір,
ойнаушы еді,
бойлаушы еді қиялға,
от кеудеде атой салып сан дүбір, –
деп басталатын осы өлеңде бейнеленген бес-алты жастағы қап-қара көзі мөлдіреген, күнқақты, тақыр бас қара баланы осы қазір көріп отырғандаймын.
Кейіннен сұрап білсем, Тасқұдық деген Алматы облысындағы Жамбыл ауданының егін салатын бір өңірінің аты екен. Бұл жерде ертеде қазылған бір тас құдық пен бидай қоятын қамбаны күзететін қарауыл тұратын жалғыз үй болса керек.
Рәтбектің әкесі Садуақас өмірбақи мұғалім болып, кейіннен бір дертке ұшырап, аяғынан айрылған жарымжан адам болғандықтан, «мал-жан өсіріп, күн көрсек» деген оймен Рәтбектің туған жері Аққайнардан осы жерге көшіп келіп, бірнеше жыл егіндік пен қамбаға күзетшілік етіпті. Рәштің жырлап отырғаны – сол бір шақ – алпысыншы жылдардың бас кезі…
…
Әбубәкір Қайран
(Толық нұсқасын газеттің №5 (3639) санынан оқи аласыздар)