ЕЛУ МЫҢ АДАМҒА ҚАРАҒАНДА, АДАМНЫҢ АЛДЫНДА ӘН САЛУ ҚИЫН
01.02.2019
297
0

(Боб Диланның Нобель әдебиет сыйлығын алғандағы сөзі)

Қайырлы кеш, көпшілік!
Ең алдымен Швед академиясындағы бағалаушыларға және бүгінгі салтанатты кешке қатысып отырған құрметті қонақтарға шын жүректен сәлем жолдаймын!

…Мен әуелгі көздегенімнен жаңылыспай, үнемі ізденіс үстінде жүрдім. Кейде тіпті көптеген жапа-машақатты бастан өткердім. Пластинкаларымды арт-артынан шығарып, жер әлемді кезіп, концерттер қойдым. Атап айтуға татитыны, менің өмірімде көрініс тапқан ең басты байлығым – менің жүрегімнен тулап шыққан әндерім. Әрбір әнімде бір әуен дүниеге келіп, әртүрлі мәдениеттермен тоғысып, шекара бұзып, көптеген адамның, сан алуан халықтың тұрмысына сіңіп кетті.
Бірақ бір іс жөнінде айтуыма тура келіп тұр. Мен елу мың адамның алдында да, елу адамның алдында да ән салғанмын. Сенсеңіздер, елу адамның алдында ән айту өте қиын. Елу мың адам естуге көп болғанымен, олардың жүзінен көруге болатын біртүрлі сезім болады. Елу адамнан ол сезімді көре алмайсың. Олардың әрбірі жеке тұлға, әрбірінің өзіне тәуелді әлемі бар һәм дүниеге болған танымы бөлек. Бұл өткел сенің қаншалық қуатың бар екенін, қайратың мен талантың қай дәрежеде ұштасқанын бағамдайды, теңшейді. Ал, Нобель әдебиет сыйлығын бағалау комитетіндегілердің саны одан да аз екені маған аян…

Ағылшын тілінен аударған
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН


(Толық нұсқасын газеттің №5 (3639) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш e-mail не будет опубликован.

Пікір