Х.Х.ПАДРОН ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫ ХАҚЫНДА
Жалғасы. Басы өткен сандарда
…Серік Томанов (1956-2003 ж.ж). Ол қысқа өлеңдерде нәзік парадоксты іздеді. Оның стилі жиынтық, сипаты ебедейлі, дикциясы айқын. Ақын жаңа объективті романтизм нақышында әсемдікті және адам мен табиғат арасындағы, сөз бен шындықтың арасындағы байланысты жырлайтын эмоциялық тереңдікті көрсеткісі келді. Оның этикалық тәсілдемесі таң қалдырады. Айрықша (магический) реализмге (шыншылдыққа) жақын дұрыс психологиялық желілер, нәзіктік пен сырлылыққа толы сезімдер әлемі, терең руханият және ақынның Құдайға деген сенімі оған шабыт берген. Оның жұбанышы – қашан да бізді ғаламат әлеммен татуластыратын, ойландыратын, дем беретін дүниелер. С.Томанов жан дүниесінен байқағаным ол әсем ақын және жақсы адам болған. Ол өзінің ақындық борышын артығымен өтеген азамат.
Есенғали Раушанов (1957 ж). Оның «Түн» атты өлеңі орасан зор лирикалық биязылығымен, табиғатпен үйлесімділікте өмір сүретін адамның арпалысқан жан толғанысымен таң қалдырады. Өлеңнің нобайы қысқа, шумақтары да қысқа бірақ қаныққан (қарқынды), ал соңғы жағы көңілді босатады. Оның өлеңдері жабыңқы жанның, ойлы адамның толқынысының көрінісі сияқты. Бір сөзбен айтқанда Есенғали Раушанов – дарынды ақын…
(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар)