Оңтүстік Қазақстан облысында
24.10.2015
1470
0

936103_1066307584_DSC_0048Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалы ашылды. Ашылу салтанатына облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов қатысып, бұл орталықтың еліміздегі бас сұхбат алаңына айналатынын айтты. 
«Өткен жылдан бастап Қызметтің аймақтардағы филиалдары ашыла бастады. Бүгін кезек шырайлы Шымкент қаласына да жетті. Бұл өңірдің ақпараттық саласы үшін айтулы оқиға. Орталық коммуникациялар қызметінің филиалы аймақтағы мемлекеттік мекемелер жұмысының халыққа ашықтығын арттыруға және жұртшылықтың мемлекет жұмысы туралы көбірек ақпарат алуына жол ашатын бірден-бір сұхбат алаңына айналатынына сенімдімін», – деді облыс басшысы.
Аталған іс-шарада «Ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясында Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті дамыту және индустрияландыру бағдарламасының жүзеге асырылуы» тақырыбында алғашқы онлайн-брифинг ұйымдастырылды.
Баспасөз конференциясына облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев пен «Хлопкопром целлюлоза» ЖШС бас директоры Қ.Абасов қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев өңірдің индустриялды-инновациялық дамуы туралы айтты. Сонымен қатар, «Хлопкопром целлюлоза» ЖШС бас директоры Қ.Абасов теңге курсының өзгеруі бүгінгі таңда экспортерлар үшін тиімді болып тұрғанын айтты. Себебі, әлемдік нарықта өткен жылы мақта шикізатының келісі 75-80 теңге болса, биылғы баға 100 теңгеге көтеріледі деп күтілуде. Бұл өз кезегінде шаруалардың өткен жылмен салыстырғанда 20 және одан да көп пайыз мөлшерінде пайда табуына мүмкіндік береді.
Бүгінде ОҚО – транспорттық-логистикалық инфрақұрылымы дамыған, экономикалық және туристік әлеуеті жоғары, заманауи телекоммуникациялық жүйемен қамтылған аймақ ретінде қаржы салуға бар жағдайы жасалған өңір.
Еске салайық, Шымкенттегі филиал Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлердегі сегізінші кеңсесі болып табылады. Мұндай орталықтар Алматы, Атырау, Қызылорда, Ақтау, Көкшетау, Павлодар және Өскемен қалаларында жұмыс істейді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір