Ұйғырдың ұлттық әдебиетін дамытқан тұлға
14.12.2018
1755
0

Жақында Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы, республикалық ұйғыр этномәдени орталығы және Қ.Қожамияров атындағы мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының ұйымдастыруымен белгілі жазушы, аудармашы, ұйғыр әдебиетінің көрнекті өкілі Жамалдин Босақовтың туғанына 100 жыл толуына арналған еске алу кеші өтті.

Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы, Мем­лекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ұлықбек Есдәулет жазушымен таныстығы, өткен күндер естелік­терімен бөлісіп, ата-баба дәстүрі­мен қаламгердің қызы Роза Боса­қоваға қаламгерлер атынан камзол кигізді. Басқарма төрағасының орынба­сары, ақын Бауыржан Жақып ұйғыр прозасын жоғары дәрежеге көтерген жазушының шығармашы­лық жолына кеңінен тоқталып, рухына тағзым етті. Қазақстан Жазушылар одағы ұй­ғыр әдебиеті кеңесінің төрайымы, ақын Пәтигүл Мәхсәтова Жамал­дин Босақов шығармаларында ұйғырдың боя­ма­сыз шынайы жан дүниесі, халыққа қасірет әкелген қатыгез дәуірмен бірге болашаққа деген сенімі, үміті баяндалғаны, тарихымыздың ауыр кезеңі мен ұлттық трагедиямызды суреттейтін бұл жауһар шығар­малардың желісі неше ғасыр өтсе де өзекті бола­тыны туралы ой бөлісті. Ал, жазу­шы Жанат Ахмади ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ пен ұйғырдың достығына айрықша тоқталып, ұйғырдың ұлттық сөз өнерін да­мы­туға бүкіл таланты мен күш-жі­герін жұмсаған тұлғаның бойын­дағы адамгершілік қасиет­терін еске алып өтті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір