ӘДЕБИЕТІН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛМІЗ

Өткен жылы Қазақстан Жазушылар одағы Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігімен де, бірқатар қала және облыс басшыларымен де тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеді. Әсіресе Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Жазушылар одағымен стратегиялық әріптестік аясында үш жобаны жүзеге асырды. Олар:
1-ЖОБА
«Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» бағыты бойынша стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс.
2-ЖОБА
«Жазушылардың әдеби шеберлігі мектебі» бағыты бойынша стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс.
3-ЖОБА
«ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс.
Нәтижесінде әдеби шеберлік мектебіне әр облыстан жиырма жас жазушы:
1. Еділбек Дүйсен
2. Бауыржан Игілік
3. Абай Ораз
4. Самрат Құскенов
5. Айбын Ахмадиев
6. Бақыткүл Сәрмекова
7. Нұрсұлтан Мықтыбаев
8. Амангелді Рахметов
9. Қуат Дәуренұлы
10. Елана Амангелді
11. Дәурен Бақытқажы
12. Эрик Нарын
13. Рамазан Бауыржанұлы
14. Санжар Келеке
15. Батырлан Сағынтаев
16. Меңдібек Лукбанов
17. Нұрдәулет Қабасов
18. Мұхтар Күмісбек
19. Естай Жаңабай
20. Адия Бақытжанқызы
шақырылып, қазіргі әдебиет және осы заманның көрнекті жазушылары, әлемдік және қазақстандық қаламгерлердің жаңа талантты туындылары туралы, жазушы лабораториясы жөнінде арнайы шақырылған көрнекті жазушылардан дәріс тыңдады. Оларды атап айтсақ:
1. Дулат Исабеков – Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ІІ дәрежелі «Достық», «Отан» ордендерінің иегері
2. Мереке Құлкенов – Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы, «Құрмет», І дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, Журналистика саласы бойынша ҚР Президенті сыйлығының лауреаты
3. Жанғара Дәдебаев – филология ғылымының докторы, профессор, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚЖО Сын кеңесінің төрағасы
4. Бақытжан Қанапиянов – көрнекті ақын, аудармашы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат», ІІ дәрежелі «Достық» ордендерінің иегері
5. Әділғазы Қайырбеков – ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, филология ғылымының кандидаты, «Құрмет» орденінің иегері, ҚЖО Поэзия кеңесінің төрағасы
6. Жүсіпбек Қорғасбек – жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және «Құрмет» орденінің иегері, ҚЖО хатшысы
7. Асылбек Ихсанов – ҚЖО Басқарма мүшесі, жазушы, драматург
8. Бекжан Әшірбаев – ҚЖО Басқарма мүшесі, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
9. Екрем Аян (Түркия) – жазушы, аудармашы, профессор, филология ғылымының докторы
10. Абдылдажан Ақматалиев (Қырғызстан) – филология ғылымының докторы, профессор, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Халықаралық Шыңғыс Айтматов академиясының президенті
11. Рафис Абазов (АҚШ) – Колумбия университеті Шығыс институты ауқымды классрум жобасының аймақтық директоры (Regional Director Global Classroom project of Earth Institute at Columbia University)
12. Гузель Яхина (Ресей) – белгілі жазушы, Ресей Федерациясы Үкіметінің мәдениет саласындағы сыйлығының лауреаты
13. Айнагүл Садықова – белгілі аудармашы
14. Ләйла Мұсалы – әдебиеттанушы, ҚазМҰУ-дың қауымдастырылған профессоры, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері
15. Иранбек Оразбаев – ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері
16. Қансейіт Әбдезұлы – әдебиеттанушы, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
17. Бексұлтан Нұржекеев – көрнекті жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері
18. Маралтай Ыбыраев – көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Ал «Әдеби панорама» жобасы бойынша өңірде тұратын жас жазушылар Қазақстанның барлық облыстарына іссапарға шығып болашақ шығармасына материал жинады. Нәтижесінде қазақ көркем әдебиетінің қорына жиырма жаңа шығарма қосылды. Оларды да атап өткен жөн шығар:
1. Алматы қаласы – Жанасыл Серікболсын
2. Астана қаласы – Әлихан Жақсылық
3. Шымкент қаласы – Досхан Жылқыбай
4. Абай облысы – Жақсылық Қазымұрат
5. Ақмола облысы – Бақытбек Қадыр
6. Ақтөбе облысы – Мәрлен Ғилымхан
7. Алматы облысы – Жантас Еркін
8. Атырау облысы – Саян Есжан
9. Батыс Қазақстан облысы – Асылан Тілеген
10. Жамбыл облысы – Әлішер Рахат
11. Жетісу облысы – Біржан Ахмер
12. Қарағанды облысы – Жәнібек Әлиман
13. Қостанай облысы – Абай Сағиев
14. Қызылорда облысы – Қуаныш Жазай
15. Маңғыстау облысы – Әлімжан Әлішер
16. Павлодар облысы – Айдын Байыс
17. Солтүстік Қазақстан облысы – Есбол Нұрахмет
18. Түркістан облысы – Ғылымнұр Кәдірбай
19. Ұлытау облысы – Нұртас Тұрғанбек
20. Шығыс Қазақстан облысы – Рауан Қабидолдин
Сонымен қатар ТМД елдеріндегі архивтерде жатқан қазақ жазушыларының шығармаларын зерттеп, арнайы кітап жазу үшін он алты жазушы, ғалым, зерттеушілерді арнайы іссапарға жібердік. Нәтижесінде он алты зерттеу кітабы дүниеге келді. Оларды таратып айтсақ мына азаматтар:
Қырғызстан (Бішкек)
1. Ақеділ Тойшанұлы
Тәжікстан (Душанбе)
1.Төрәлі Қыдыр
Өзбекстан (Ташкент)
1. Момбек Әбдәкімұлы
2. Жанат Әскербекқызы Аймұхамбет
Әзербайжан (Баку)
1. Құлбек Ергөбек
2. Айткүл Досыбаева
Армения (Ереван)
1. Қанипаш Мадибаева
Грузия (Тбилиси)
1. Қасымхан Бегманов
Ресей (Мәскеу)
1. Данияр Ихсан
2. Заңғар Кәрімхан
3. Елдос Тоқтарбай
4. Айбат Кептербаев (Серік Сағынтай)
Белоруссия (Минск)
1. Шашкова Любовь Константиновна
Ресей (Санкт-Петербург)
1. Жауынбай Жылқыбайұлы
2. Біләл Ертай
3. Нұржан Қуантайұлы
Өткен жылы біз Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Алматы қаласы мен Алматы облысының қолдауымен қазақ әдебиетінің классиктері Бердібек Соқпақбаев пен Әбдіжәміл Нүрпейісовтың 100 жылдық мерей тойларын атап өттік.
Қазақ балалар әдебиетінің атасы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілгендіктен, оның мерейтойы тек қана Алматы облысы мен Алматы қаласында өтіп қойған жоқ. Анкарада Түрксой халықаралық ұйымының қолдауымен үлкен мәдени шара өтті. Жазушының шығармалары түрік тілінде кітап болып шықты.
Ал Париж қаласында, ЮНЕСКО штаб пәтерінде өткен жазушының мерейтойы шын мәнінде қазақ әдебиетінің, Қожа есімді қазақ баласының мерекесіне айналды. «Менің атым Қожаны» өз тілінде оқыған француздар қазақ жазушысының шығармасын әлем білетін Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай принц» шығармасына теңеп жатты…
Соңғы кезде менің аңғарғаным өңір басшылары әдебиетке ерекше қолдау көрсетуде. Алдымен Алматы қаласының әкімдігін атап өткім келеді. Алматыда өтетін барлық үлкенді-кішілі әдеби шараның жоғары дәрежеде өтуіне көмектесіп отырған Алматы қаласының әкімдігі. Мойындауымыз керек, егер Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қолдамағанда, Жазушылар одағының 90 жылдық мерейтойы өз дәрежесінде өтпес еді. Осы мерейтой аясында Алматы қаласының әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп, жыл сайын беріліп тұратын «Асыл сөз» сыйлығын тағайындады. Бұл беделді әдеби сыйлықтың тұңғыш иегерлері талантты ақын Байбота Серікбаев пен дарынды сыншы, композитор Тұрсынжан Шапай.
Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің Жазушылар одағына, әдебиетке деген ықыластары бөлек. Мысалы, Ақтөбе облысының әкімі Асқат Шақаров жыл сайын «Әдебиет.Рух.Қоғам» деген атпен жазушылар форумын өткізеді. Осы кездесу аясында Ақтөбе өңірінен шыққан көрнекті он жазушының атындағы сыйлық беріледі. Бұл бәйгеге қатысуға Қазақстанда тұратын барша қаламгер құқылы.
Осынау әдемі үрдісті басқа облыстар да қолдап отыр. Біз жақында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Ақтөбе облысының әкімі Асқат Шақаров Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтерге арнайы жолығып, бірнеше тармақтан тұратын ұсыныс бердік.
Айтқанымыздың барлығы дерлік қолдау тапты. Рақмет әкім ағайындарға. Басқа өңірлердің әкімдері де біздің ұсыныстарымызды қолдайтынына сенімдіміз. Ұсынысымыздың жалпы мәтіні мынадай:
Облыс әкімдеріне ұсыныс
1. Әр облыс орталығында «Шығармашылық үйін» салу.
«Шығармашылық үйінде» ақын-жазушылардың, суретшілердің, композиторлардың, дизайнерлердің, жалпы шығармашылық саланың мұражайы, 300-400 адамдық конференция залы, кітапханасы және офистері болса;
2. Қазақстан Жазушылар одағының облыстағы өкіліне офис, 3 бірлік штат және жеке бюджет бекітіліп берілсе;
Бірқанша өңірде Қазақстан Жазушылар одағының офистері мен қызметкерлері бар. Олар жергілікті әкімдікпен, мәдениет басқармаларымен бірлесе жұмыс жасайды.
3. Өнімді еңбек етіп келе жатқан облыс көлеміндегі, облыстан тыс аймақтардағы қаламгерлерге сол өңірдің топырағында туған көрнекті қаламгерлер атындағы әдеби сыйлық берілсе;
4. Облыс орталығында «Қаламгерлер аллеясы» ашылса;
Сол өңірдегі көрнекті ақын-жазушылардың бюстері орнатылып, өмірбаяндары тақтаға жазылып, «Қаламгерлер аллеясы» ашылса, бүкіл ақын-жазушылардың рухы бір жерге шоғырланып, ұлыларға тағзым ететін киелі орынға айналар еді.
5. Облыстан шыққан көрнекті ақын-жазушылардың өнегелі сөздері мен суреттері қала көшелерінде ілініп тұрса;
6. Облыстағы Қазақстан Жазушылар одағының мүшелеріне жыл сайын облыс әкімінің степендиясы беріліп отырса;
7. Облыс әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп, жыл сайын ақын-жазушылардың (көзі тірі және өмірден өткен қаламгерлердің мерейтойлары негізінде) кітаптарын шығарып отырса;
Жазушылар одағының 13 жанрлық кеңесі бар, кітаптар осы кеңестердің сараптамасынан өтіп, Одақ арқылы шығарылса, кітаптар мазмұны мен техникалық жағынан мінсіз болар еді.
8. Облыс орталығында көрнекті қаламгерлердің мерейтойларына орай республикалық ән-жыр фестивалі дәстүрлі түрде өткізіліп отырса;
9. Әр ауданның өмірден өткен және көзі тірі ақын-жазушыларының «Алтын бесік» деген атпен поэзиялық, прозалық антологиясын шығарып отырсақ.
Қазақстанның барлық облыстары мен ірі үш қаламыздың әкімдері өздеріне қарасты жазушыларына жан-жақты қолдау көрсетуде. Сол үлкен жүректі азаматтарға алғысымыз мол. Өз кезегінде Қазақстан жазушылары да еліміздің рухани өсіп-өнуіне өздерінің талантты шығармаларымен үлес қоса береді.
Мереке Құлкенов,
Қазақстан Жазушылар одағының
Басқарма төрағасы
ПІКІРЛЕР1