Сұлтанмахмұт Торайғыров – асқақ арманды ақын
07.12.2018
3759
2

Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы №10 кітапхана-бөлімшесінде Сапар Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназиясының 7-8 сынып оқушылары көрнекті қазақ демократ-ақыны, ойшыл талант иесі С.Торайғыровтың туғанына 125 жыл толуына байланысты «Сұлтанмахмұт Торайғыров – асқақ арманды ақын» атты әдеби кеш өткізді.

Оқушылар ақынның Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда шығармалар жазған та­лант екенін әдеби тұрғыдан дәлел­деді.
Жиынға кітапхана меңгерушісі А.Мирошник, кітапханашылар С.Дә­рібаева, Р. Оспанова қатысты.
Сондай-ақ, ақынға арналған «Ақын есімі – ел есінде» атты кітап көр­месі ұйымдастырылып, оған кі­тапханашы Роза Оспанова библио­графиялық шолу жасады.

ПІКІРЛЕР2
Аноним 16.01.2024 | 22:01

6 “Д„ сила

Аноним 15.01.2026 | 12:18

Сүлтанмахмүтың арманы не еді

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір