ҚАЗАҚТЫҢ ФАРИЗАСЫ
07.12.2018
1658
0

2018 жылдың 19 желтоқсан күні сағат 12.00-де Алматы қаласында аса көрнекті ақын, Қазақ КСР Мемлекеттік және ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері Фариза Оңғарсынованың үйіне мемориалдық ескерткіш-тақта орнату рәсімі өтеді.

Ақын Зенков көшесі 77-үйде (Шевченко көшесінің қиылысы) тұрған еді. Зиялы қауым өкілдері мен ақынның туыс-туғаны қатысатын бұл игі шара «Қазақтың Фаризасы» атанған ақынның есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында жасалған айтулы еңбек болмақ.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір