ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ МЕН ӨНЕРІНІҢ ОРТАЛЫҒЫ – ИСПАНИЯ ТӨРІНДЕ
07.12.2018
927
0

ҚР Тұңғыш Президенті­нің күніне орай Даму жөніндегі халық­аралық ынтымақ­тастық бойынша испан агенттігінің кітап­ханасында (Мадрид) Қазақ әдебиеті мен өнері орталығының ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты шара барысында Қазақстанның Испаниядағы елшісі Константин Жигалов шетелде қазақ әдебиеті орталық­тарын ашу жобасы «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағ­дар­ламасы аясында жүзеге асы­рылып жатқанын атап өтті. Бас­қосуға ҚР Ұлттық академиялық кі­тап­хана­сының бас директоры
У.Мұнал­баева, AECID Мәдени және ғылыми байланыстар жөніндегі директоры М.Альберо, AECID кі­тап­­ханасының директоры М.А.Гарсия Мартин, агенттік қыз­мет­керлері, Испанияның жоғары оқу орындарының өкіл­дері, испан тіліндегі казақ поэ­зиясы мен про­засы – «Антология» жобасының қа­тысушылары, сондай-ақ, қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Іс-шара соңында ҚР Ұлттық ака­демиялық кітапханасы мен Даму жөніндегі халықаралық ынты­мақ­тастық бойынша испан агенттігінің кі­тапханасы арасындағы қаты­нас­тың жалпы хаттамасына қол қойыл­ды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір