«ЖАҺАНДЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ»
23.11.2018
2361
0

Қарашаның 21-і күні Астананың 20 жылдық мерей­тойы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық академиялық кітап­хана­сы және Қазақстан Жазушылар одағы бірлесе отырып «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәде­ниет» атты Қазақстанның мәдениеті және әдебиеті Халықаралық форумын өткізді.

Форумға еліміздің зиялы қау­ым өкілдері мен мемлекет және қо­ғам қайраткерлері қатысты: Ұлықбек Есдәулет, Ғаділбек Ша­лах­метов, Талғат Теменов, Алек­сандр Тараков, Сәуле Досжанова, Дария Түкенқызы, Баянғали Әлімжанов, Балғынбек Имаш, Нұртөре Жүсіп және т.б. Сондай-ақ, ҚР-дың Оңтүстік Корея, Анг­лия және Германия мемлекет­теріндегі Төтенше және Өкілетті Елшілері де болды. Форум аясында қазақстандық авторлар: Сәуле Досжанованың «Өгей жүрек» кітабының неміс тіліндегі, Баян­ғали Әлімжанның «Доброжела­тель­ный Аскар» және «Сказ 100-летнего степняка» кітап­та­рының тұсаукесері өтті. Сонымен қатар, «Мәдениет және өнер» фотокөрмесі және Берлиннің Ұлт­тық кітапханасында «Қазақстан әдебиеті мен мәдениетінің» ор­та­лығы ашылды. Орталықтың ашыл­уына ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлемдік саяси аренадағы орны мен рөліне арналған кітаптары және қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі қа­зақс­тандық авторлардың кітап­тары ұсынылды. Аталған форумдар Сеул, Лондон және Берлин қалаларында ұйымдастырылды. Жалпы, іс-шаралар аясында әде­биет, мәдени алмасу мен ынты­мақ­тастық саласындағы соңғы үрдістерді түсіну, мәдениет пен өнер саласындағы маман­дардың ұлттық идея шеңберіндегі күш-жігерін біріктіру үшін көп­функ­ционалды жұмыстар атқарылды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір