«МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!»
30.11.2018
2416
0

Жастар жылы қарсаңында және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Мен жастарға сенемін!» VI республикалық студенттік патриоттық жастар форумы биыл да жоғары деңгейде өтті.

Форум жұмысын әл-Фараби кітапханасындағы «Ұлы дала жас­тары» конференциясы ашты. Оған форумының іріктеу кезе­ңінен өт­кен еліміздің 70 аймақтық универ­ситетінен келген 500-ден аса сту­дент қатысты.
2013 жылдан бері өткізіліп келе жатқан форумның бағдарламасы дәстүрлі түрде төрт байқаудан тұрады: «Еліміздің инновациялық дамуына қосқан менің нақты үлесім» атты студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жоба­лар; «Мен өз елімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты студенттік эсселер; «Мен жастарға сенемін!» атты студенттік азаматтық-пат­риот­тық бағыттағы поэзиялық шы­ғар­малар; «Мәңгілік ел мұра­тым!» патриоттық әндер байқауы.
Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылатын форум алты жыл ішінде жастар үшін мемлекеттік деңгейдегі шығар­ма­шылық алаңға айналды. Осы жы­лы форумға қатысу үшін ұйым­дас­тыру комитетіне Қазақ­станның барлық өңірінен 2 мың­ға жуық студент өтініш жолдаған.
Форум әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Жас Отан» жастар қанаты, «Жандану әлемі» қоры, Жазушылар одағы, Қазақ радио­сы бірлесе ұйымдас­тыруы­мен, ҚР-ның Білім және ғылым ми­нистр­лігі, Алматы қаласы әкімдігінің қол­да­уымен өткізілді.
Жеңімпаздар және байқау жүл­дегерлері Ө.Жолдасбеков атын­дағы студенттер сарайында өтетін гала-форум барысында салтанатты түрде марапатталды. Оларға ҚазҰУ серік­тестері мен демеушілері аты­нан дипломдар және бағалы сый­лық­тарға тарту етілді. Бас жүлдеге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бір жыл тегін оқу гранты берілді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір