«АННА КАРЕНИНА» – ҚАЗАҚ САХНАСЫНДА
30.11.2018
1977
0

Қараша айының 26-28 күндері аралығында Лев Толстойдың «Анна Каренина» атты романының негізінде сахналанған жаңа қойылым М.Әуезов атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында көрер­мен­ге жол тартты. Бұған дейін әйгілі шығарманы кітаптан оқыған қауым спектакльді өзгеше көңіл-күймен тамашалады.

Өткен өмірі де, болашағы да бұлыңғыр әйел тағдыры… Өзімен-өзі арпалысқа түскен Анна Каре­нина… Бұл – махаббат хикаясы емес. Бұл – Каренинаның жан ай­қайы. Қазақстанның Халық ар­тисі, профессор Есмұхан Обаев ре­жиссерлік еткен бұл сахналық нұсқа әйелдің жұмбақ жанына ға­на емес, жұбайлар қарым-қа­ты­на­сы, ана мен бала, достық пен сат­­қындық, махаббат пен өшпен­ділік сынды өмірлік маңызды ұғым­дарға терең бойлауға мүм­кіндік береді. Басты роль – Анна Каре­нина бейнесін «Дарын» Мем­лекеттік жастар сыйлығының ие­гері, актриса Назгүл Қарабалина сом­дады. Алексей Вронский рө­лінде – Н.Қуанышбайұлы. «Анна Каренина» жаңа театр маусы­мын­дағы сахналық қойылымдардың бірі ретінде үш күн қатарынан көрер­мен назарына ұсынылды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір