Қазақстандағы әрбір үшінші «Алтын белгі» иегері
04.09.2015
1017
0
332600_1918380460__OKO3240«Қазақстандағы әрбір үшінші «Алтын белгі» иегері – Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінің түлегі. Бұл өте қуанышты жағдай. Мұның барлығы Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана әрі салмақты саясатының жемісі», – деді Білім күні мерекесінде Шымкент қаласында орналасқан «химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне» барып, мұғалімдер мен оқушыларды мерекемен құттықтаған ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов. 
«Облыста 18 112 оқушы ҰБТ тапсырып, олардың орташа көрсеткіш 78,8 баллды құрады. Оған қоса әрбір үшінші «Алтын белгі» иегері біздің мектептердің түлегі», – деп атап өтті өңір басшысы.
Сондай-ақ, оңтүстікқазақстандық оқушылар 2015 жылы алғаш рет республикалық пән олимпиадасының қорытындысына сәйкес, 2 бағыт бойынша жүлделі үшінші орынды иеленгені де белгілі болды.
Облыс басшысы өз сөзінде биылғы жаңа оқу жылында 70 мыңнан астам оқушы мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырғанына тоқ­­талды. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіш. Еліміздегі ең жоғары туу көр­сеткіші біздің облыста тіркеліп отыр. Тұрғындардың әл-ау­қаты жылдан жылға жақсарып келе жатқаны да талассыз», – деді Б.Атамқұлов.
ОҚО жаңа оқу жылында 49 жаңа білім беру мекемесі пайдалануға берілсе, соның 22-сі бүгін, 1 қыркүйек күні ашылды.
Сондай-ақ, Б.Атамқұлов атқарылған жұмыстардың нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 21-ге дейін қысқаратынына назар аударды. Ал, 46 апатты жағдайдағы мектептен бар-жоғы 17-сі қалмақ. Оған қоса биыл ОҚО-да 74 мектеп күрделі жөндеуден, 675 мектеп ағымдағы жөн­деу­ден өткізілді. Жалпы, өңірдегі үш ауысымды және апатты жағдайдағы мек­тептер проблемасы 2016-2017 жылдары толығымен шешіледі деп жоспарлануда.
Облыс басшысы Назарбаев зияткерлік мектебінің сыныптары мен зертханаларын аралап, оқушылармен әңгімелесті.
ПІКІР ҚОСУ