ҚАЛАМГЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ӘДЕБИЕТКЕ ҚҰРМЕТ
16.11.2018
2059
0

Талантты қаламгер Сейітқұл Оспанов тірі болса, 63 жасқа толар еді. Жақында Астанада бар болғаны 49 жасында дүниеден өткен қалам иесін еске алу кеші өтті.

«Құлын» атты алғашқы өлеңі­мен әдебиет әле­міне нық қадам басқан С.Оспанов соңына «Бәйге», «Ащы қауын, тәтті қауын», «Ағаш ат», «Бақытты үй», «Құлдар көте­рілісі» атты шығармаларын қал­дырды. Ол балалар поэзиясы мен прозасына да елеулі үлес қосып, өзіндік шеберлігін танытқан бола­тын. Кеш барысында жазушы Қуандық Түмен­бай мар­құм­ның жары Данагүл ханымға Қазақ­стан Жазушылар одағы Басқар­ма­сының құттықтау хатын табыс етті. Алма­тыдан арнайы келген курстас досы, журналист Әшірбек Аман­келді, үзеңгілес достары Орынбек Жол­ды­бай, Бекен Шоланов, Әбді­мүтәл Әлі­беков, Жолтай Әлмаш, Шархан Қазығұл тебірене естелік айтты. Арқа тө­сінде өткен еске алу кеші қаламгерге һәм әдебиетке деген құрмет болғаны анық.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір