«АЛАШ ТУЫ АСТЫНДА» ФИЛЬМІ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ
09.11.2018
3123
0

Көрермен қауымға Алаш қозғалысына арналған кезекті фильм жол тартты. Қарашаның басында Алматыда «Алаш туы астында» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті.

Фильмнің бас кеңесшісі – бел­гілі тарихшы ғалым Мәмбет Қой­гелді. Сценарий авторы – алаш­та­ну­­шы, журналист Болат Мүр­сә­лім.
Режиссер Ерген Тоқмурзиннің Алаш қызметі мен автономия құру жолындағы күрестер арқау болған туындысы үш бөлімнен тұрады. Алғашқы «Оян, қазақ!» бөлімі Ал­аш қозғалысының қалыптасу кезеңіне, қазақ баспасөзінің бас­тау­ла­рына, Дума жұмысына ара­ласу мен ұлт-азаттық көтеріліске көзқарас мә­селе­леріне арналған. Екінші «Жа­рия­ланбаған автоно­мия» бөлімінде 1917-1920 жылдар­дағы Алашорда үкіметінің қызметі сөз болады. Ал соңғы «Қатерлі өт­кел» бөлімінде Голощекин қыр­ғы­ны мен сталиндік репрессия жыл­дарындағы Алаш тағдыры баяндалады. Деректер жинау ба­ры­сында Ресейдің Қазан, Уфа, Пет­ербург, Мәскеу қалала­рын­да түсірілім жұмыстары жүр­гізіл­ген. Яғни, түсірілім тобы Алаш қайрат­кер­лерінің ізі қалған Таврия сар­айында, Қазан, Петербор уни­вер­ситеттерінде, Мемлекеттік мә­­­жіліс өткен бұрынғы «Сібір» қо­­на­қ­үйінде болып қайтты. Кө­ңіл­ге жы­лу ұялатар тағы бір жаң­алық – «Қа­зақфильм» кинос­тудиясы атал­ған фильмді еліміздің бар­лық өңірінде көрсететін бола­ды. Респу­бли­калық арналарға да ұсыныстар түсір­­мек ойлары бар. Иә, Алаш идея­­сы Елдік идеясымен бірге жа­сай бермек.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір