АДАМ ТЕРІСІНЕН ЖАСАЛҒАН КІТАП – ҒАЛЫМДАР НАЗАРЫНДА
09.11.2018
2458
0

Биылғы қаңтар айында осыдан 5 ғасырға жуық уақыт бұрын жарық көрген ескі кітап Ұлттық академиялық кітапханада көрмеге қойылған болатын. Бүгінде бұл кітап отандық бұқаралық ақпарат құралдарының ғана емес, әлемдік БАҚ алпауыттарының да қызығушылығын тудырып отыр.

Ғалымдардың тұжырымдауынша, антроподермиялық қолжазба 1532 жылы жазылған. Латын тіліндегі кітапты түптеу үшін адам терісі қолданылғаны көпті таңғалдырғаны белгілі. Жақында осы жәдігер «Ұлттық ғылыми медициналық орталығының» электронды микроскопия зертханасына жіберілді. Онда ғалымдар табиғи тері материалының түпнұсқалығын анықтайтын болады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір