«ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ» ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Қазанның 30-ы күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Астананың 20 жылдық мерейтойы аясында ҚР Ұлттық кітапханасы мен Қазақстан Жазушылар одағының бірлесуімен «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» атты Қазақстанның мәдениеті мен әдебиетінің Халықаралық форумы басталды.
Қарашаның 2-сіне дейін жалғасатын бұл форумның мақсаты – қазақстандық мәдениеттің әлемдік мәдени кеңістікке интеграциялануы. Шара аясында «Қазақстан Республикасының мәдениеті мен өнері» атты фотокөрме, Қазақстан суретшілері мен дизайнерлері одағының мүшесі Наталья Лигайдың «Мөлдір түсті суреттерінің» көрмесі, қазақстандық авторлардың ағылшын тіліндегі кітаптарының тұсаукесері өтеді.