АТ ҚҰЛАҒЫНДА ОЙНАЙТЫН КӨКПАРШЫЛАР СЫНҒА ТҮСТІ
30.10.2018
882
0

Қазанның шуақты күнінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жастар Көкпар Лигасы» мен ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен «JKL PROFI 3×3» форматындағы ұлттық көкпар ойыны өтті.

Аламан бәйгені тамашалауға ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанұлы, Түркі дүниесі журналистері федерациясы­ның президенті Мендерес Демир мырза, түрік деле­гация­сы және «Жастар Көкпар Лига» кеңесінің прези­денті Данияр Дәукей мен ұлттық спорт жанашырлары жиналды. Биылғы доданың артықшылығы сол – бұл жолы тек студенттерден құралған командалар емес, сонымен қатар, кәсіби көкпар командалары да қатысты. Жарыстың салтанатты ашылуында сөз сөйлеген Ғалым­қайыр Мұтанұлы: «Ертеде ата-бабаларымыз жауынгер де, астындағы тұлпар да бабында болуы үшін көкпар ойынын өткізіп тұрған. Көкпар – біздің рухани құн­ды­лығымыз. Ендеше, осынау асыл мұрамызды сіз бен біз боп жаңғыртуға атсалысайық», – дей келе, ұлттық спор­тымызды қолдауға келген көпшілік қауымға алғысын білдірді. Тартысты өткен ойын нәтижесі бойынша «Алмалы» көкпар құрама командасы жеңіске жетті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір